Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

АҚШ-та Трампты өлтіремін деп қорқытқан адам қолға түсті

УАШИНГТОН. 26 қаңтар. АҚШ-тың Флорида штатының Вест-Палм-Бич қаласында полиция президент Дональд Трампты өлтіремін деп қорқытқан ер адамды ұстады. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қаскөй елдің бірінші басшысын өлтіретінін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп, оған алыста жатып айбат шегіп, жынын төккен.

«Әлеуметтік желіде АҚШ президентіне қоқан-лоққы сөздерін жазған ер адамды Вест Палм-Бич полициясы жұма күні кешке қамауға алды», – делінген хабарламада.

Тергеу кезінде 46 жастағы Шеннон Депарарро Аткинс әлеуметтік желі алаңын пайдаланып, президентке доқ көрсеткенін мойындады. Енді оған «өлтіремін, денеге зақым келтіремін немесе жаппай атып тастаймын» деп мазмұнда жазбаша және электронды түрде президентке қоқан-лоққы жасады» деген айып тағылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, ұстау кезінде Аткинстен кокаин табылған. Жергілікті полиция болған оқиғаны мемлекеттің жоғары басшылығы мен ел территориясында жүрген шетелдік лидерлерді қорғауды қамтамасыз ететін Құпия қызметке хабарлады.

The New York Post газеті өз кезегінде Аткинстің тұтқындалуына оның Facebook-тегі «Америкаға аман қалу үшін бір жақсы оқ жетіп жатыр» деп жазған жарияланымы себеп болғанын атап өтеді. Мұны ол 19 қаңтар күні Трамптың инаугурациясынан бір күн бұрын өзінің парақшасында жазып қалдырыпты-мыс. Басылым оның парағында бұдан да басқа осы мазмұндас жазбалар болғанын атап өтеді.

Соңғы жылы Дональд Трамптың өміріне екі рет қастандық жасау әрекеті тіркелді. Біріншісі өткен жылы шілде айында Пенсильванияда сайлау алды жиынын жасап жатқан кезінде орын алды – сол жолы мерген атқан оқ оның жұлағын жырып өткен. Екінші ретінде Украинаны жақтаушы радикал Трамптың Мар-о-Лагодағы резиденциясына жақын жерде оқ жаудырды, алайда ол да нысанасына дарыған жоқ.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button