Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қытайда көшуден бас тартқан кісінің үйі жолдың ортасында қалды

ШАНХАЙ. 26 қаңтар. Қытайдың Шанхай қаласында басқа жерге көшуге келіспеген ер адамның үйі магистральдің ортасында қалып қойды. Бұл туралы Oxu.Az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Хабарланғандай, осы оқиға жайында әлеуметтік желілерде тиісті ақпарат тараған. Жер үйдің егесі Хуан Пин өзіне төленетін өтемақыны азсынған. Сосын басқа жаққа көшуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Қазір ол Цзянси уәлаятының Цзиньси уезіндегі сол үйінде 11 жасар ұл немересімен бірге тұрып жатыр. Ал үйдің екі жағынан айналып өтіп, жаңадан салынған G206 автомобиль магистралі таяуда іске қосылғалы тұр.

Үкімет бастапқыда Хуан Пинге 1,6 миллион юань (221 мың доллар) көлемінде өтемақы мен 160 шаршы метрлік үйді бұзып, басқа жаққа көшу үшін екі тұрғын үй квотасын ұсынған. Тұрғын үйді жылына бір рет – 2024 және 2025 жылдары алуға болатын еді. Бірақ бұл Хуанды қанағаттандырмады. Ол екі квотаны бірден алғысы келді.

Ашық ақпарат мәнбелеріне қарағанда, жақын маңдағы Фучжоу қаласындағы тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы сол кезде 8 мың юаньды құраған.

Бұдан кейін үкіметпен жүргізілген келіссөздер екі тараптың ымыраға келе алмауынан созылып кетеді. Сол уақытта үйдің айналасына тас жол салына бастайды. Үй ақырында сол тұрған орнында қалып қояды. Оған жұрт «Цзиньсидің көзі» деген береді. Қазір ол жергілікті көрнекті орынға айналған.

Ер адам енді өтемақы жөніндегі бастапқы ұсынысты қабылдамағанына қатты өкінетінін айтып отыр. Ол бұрынғысынша өз үйінде тұрады, бірақ жол ашылғаннан кейін жағдайлары нашарлап кетуі ықтимал. Автожолдың дәл ортасындағы арал сияқтанып тұрған ғимаратта тұру шынында оңай болмас.

Қырсықтық дегеннің бір қиыны осы!

Магистраль 29 қаңтарда өтетін көктем мерекесі кезінде ашылатын болып жатыр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button