Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Еуроодақ шекараны екі жылға жабуға дайын
БРЮССЕЛЬ. 23 наурыз. Еуроодақ алдағы екі жылдың көлемінде шекараны тарс жауып тастау мәселесін қарастыруы ықтимал. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Шекараның жабылуы мүмкін екенін жөніндегі бұл әңгімені Чехия денсаулық сақтау министрінің орынбасары Роман Прымула республикада коронавирустың тарап бара жатқанына байланысты айтты.
Ол өзінің сөзінде Еуропаның көптеген елдерінде коронавирустың тарау қарқыны қатты екенін атап өтті. «Пандемиядан толық тазару үшін көптеген айлар керек болады», – деді чех шенеунігі.
Прымула сондай-ақ чех билігінің бүкіл ел территориясында вирустан құтылу үшін қолға алып жатқан қатаң шаралары негізінде оң нәтиже болуы керектігіне тоқталды. Алайда, сәуірдің екінші жартысы болғанша, оң нәтиже күту қою қиын, деді ол.