25 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 178 адам қаза тапты

29 Желтоқсан 2024 18:53
- Жаңалықтар, Оқиға
Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 178 адам қаза тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СЕУЛ. 29 желтоқсан. Бүгін Таиландтан Кореяға келіп қонып жатқан әуе лайнері әуежайда апатқа тап болып, 178 адамның өмірін жұлып кетті. Бұл туралы BBC ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ұшақ бортында 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан екі адам ғана құтқарылған. Ал 120 адамның қаза тапқаны бірден айтылды. Кейін жоғарыдағы екі жолаушы мен бір экипаж мүшелерінен басқалары түгел опат болғаны анықталды.

Кореяның Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air ұшағы Бангкоктан ұшып шыққан. Ол Сеулден 288 шақырым жерде, елдің оңтүстік-батысында орналасқан Муан әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жанындағы қоршауға барып соғылады.

Корей телеарнасы соқтығысудан кейін бірден тұтанған үлкен өртті көрсететін кадрларды ұсынды. Жалынға оранған ұшақ екі бөлікке бөлініп кеткен.

Өрт сөндірушілер бірден құтқару жұмыстарына кіріседі. Алдымен 28 адам қаза тапты деп хабарланғанымен, бірнеше сағаттан кейін расталған құрбандар саны 62 адамға жетті, кейін ұлттық өрт сөндіру қызметі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы дерлік қаза тапқанын хабарлады. Сонымен бірге, ресми мәлімет бойынша 120 қаза тапқан.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, аман қалған екі жолаушы да ұшақтың артында болған. Әзірге олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Жолаушылардың барлығы дерлік, яғни 173 адам Оңтүстік Корея азаматтары, тағы екеуі таиландтықтар көрінеді.

Оқиғаның неге бұлай өріс алғаны әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ әуеде құстар тобымен соқтығысып қалып, басқарудан айырылған болуы мүмкін. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, шассиді басқару жүйесі осы себепті істен шыққан. Тағы бір нұсқа ретінде ел билігі ауа райы жағдайын айтып отыр.

Таңбалар: әуежайКореяұшақ апаты

Ұқсас мақалалар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық
Жаңалықтар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық

18.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Нәлібаевтың Алматыға сапары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр
Аймақ

Нәлібаевтың Алматыға сапары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр

18.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist