19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әзербайжан ұшағының Ақтаудағы апатынан 35 адам қаза тапты

25 Желтоқсан 2024 22:06
- Жаңалықтар, Оқиға
Әзербайжан ұшағының Ақтаудағы апатынан 35 адам қаза тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АҚТАУ. 25 желтоқсан. Бүгін Ақтау қаласының маңында орын алған Әзербайжан ұшағының апаты 35 адамның өмірлерін жұлып кетті. Бұл туралы Oxy.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бүгін Қазақстанның Ақтау қаласында Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Бакуден Грозныйға қарай J2-8243 рейсін орындау үшін ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай құстар шоғырымен қақтығысып қалды. Осы оқиға лайнерді алдағы апатына алып барды.

Аспан тұман болғандықтан лайнер үш рет барып, Грозныйға қона алмаған. Сосын бағытты Ақтауға қарай бұрған. Лайнер Каспий теңізінің үстінен жақсы ұшып өткен. Қалаға жақындағанда әуежайға дейін жете алмасын білген борт командирі Игорь Кшнякин мен пилот Александр Кальянинов өз бетінше қонатын жазық іздеген. Бірінші таңдаған жерлері бір ауылдың үсті болып шыққасын, тағы бір айналып ұшып, теңіз жағасындағы тегістеу алапты таңдаған. Содан кейін апаттың зардабы қатты болмауы үшін бір қанатын жерге қарай бұрып барып қонған. Сол кезде сол қанатынан от шыққан.

Ал апатқа ұшыраған ұшақты сол жерде кездейсоқ көріп қалған жергілікті МРЭК компаниясының қызметкерлері оқиға орнына үш минуттың ішінде жетіп, борттан тірі жатқан 15 адамды шығарып алады.

Осы уақытта ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сапарын кілт тоқтатып, Бакыдағы Гейдар Әлиев атындағы аэропортқа қайтып оралады. Ол келген бойда Үкімет отырысын өткізіп, оқиғаның себебін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрды, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге тапсырма берді.

Осыдан кейін Әзербайжан шенеуніктері апаттың себебін анықтау үшін Ақтау қаласына ұшып келді.

Әзербайжан порталының хабарлауынша, ұшақтың бортында 67 адам болған. Олардың 37-сі – Әзербайжан, 16-сы – Ресей, 6-уы – Қазақстан және 3-уі Қырғызстан азаматы болыпты. Апаттан кейін 32 адам аман қалған. Ал қалғандары, – ішінде экипаж мүшелері де бар, – түгел қаза тапқан. Олардың 29-ы Ақтау ауруханаларына жеткізілді. Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің командасы келіп жетті. Ресей де дәрі-дәрмек арқалаған лайнер жөнелтті.

Қазір апаттан тірі қалғандардың аты-жөндері белгілі. Бір таңқаларлығы, экипаж мүшелері арасынан стюардессаның бірі Айдан Рагимли ғана аман шығыпты.

Таңбалар: АқтауапатӘзербайжан ұшағы

Ұқсас мақалалар

Ыстамбұлдағы нөсер: су тасқыны, рейстер тоқтатылды, кісі өлімі орын алды
Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы нөсер: су тасқыны, рейстер тоқтатылды, кісі өлімі орын алды

15.10.2026
Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды
Әлеумет

Маңғыстауда опат болған 14, сол апаттан аман шыққан 3 сарбаз марапатталды

27.09.2026
Димаш Каспийде опат болған сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты
Әлеумет

Димаш Каспийде опат болған сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтты

25.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist