18 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Борис Беккер қазақстандық Путинцеваның әрекетін қатты сынға алды

3 Қыркүйек 2024 10:27
- Әлеумет, Жаңалықтар
Борис Беккер қазақстандық Путинцеваның әрекетін қатты сынға алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 3 қыркүйек. Атақты неміс теннисшісі Борис Беккер қазақстандық Юлия Путинцеваның кортта көрсеткен тәлпіштігіне қатты қынжылыс білдірді. Бұл туралы «Чемпионат.com» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Үлкен дулығаның» алты дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы ерекше мән беріп қараған бұл іс-қимыл түсірілген видео заматында әлеуметтік желіге тарап, миллиондаған адамның ашу-ызасын туғызды. Бұрыннан боқтық сөз айтып жүретінімен көзге түскен Юлия Путинцева бұл жолы өзіне доп жеткізіп беріп тұрған болгёрл қызды кемсітетіндей әрекет жасауымен көпшіліктің наласына қалды. Ол жас қыздың берген доптарын қолдарымен қайтарып тастап, алмай тұрды. Теннисшінің безерген түрі трибунада отырған Борис Беккердің де жынын қоздырды.

«Бұл өзін кіммін деп отыр екен сонда?! Мұның болгёрлге қатысты әрекеті жаға ұстатады» деді ол шыдай алмай кетіп.

«Үлкен дулығаның» алты дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы бірінші ойыншысы, неміс теннисшісі Борис Беккер АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан «US Open – 2024» турнирінің үшінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцеваның (32-ші) әлемнің бесінші ракеткасы, итальян Жасмине Паолинимен кездесуі кезінде жасаған жағымсыз инцидентіне жедел пікір білдірді»,– делінген хабарламада.

Расында Путинцева өзінің блогёрлді сыйламайтынын ойын барысында анық байқатты. Бір доп беру сәтінен кейін Юлия жас қыздың лақтырған доптарын бірнеше рет ашықтан-ашық қыр көрсетіп, қайтарып тастады.

Кейінірек теннисші, жұрттың көңіл күйін аңдап, қысымын сезінсе керек, қызметші қыздан кешірім сұрады. Бірақ бәрібір жұрттың көңілінде оған деген дақ қалды. Ең бастысы, Юлия өзінің кім екенін тағы да көрсетті.

Еске сала кетейік, Юлия Путинцева Париж Олимпиялық ойындарына барып тұрып, ондағы теннис турнирі басталуға бірер күн қалғанда, өзінің «ауырып» қалғанын айтып ақталып, жарысқа қатысудан бас тартқан болатын. Ал арада алты күн өткеннен кейін Канада өткен халықаралық турнирге арнайы ұшып барды…

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спорт федерациялары шетелден әкелінген легионердің қызметіне жүгінгенді тыятын уақыт жеткенін мәлімдеді. Сондай легионердің бірі түбі ресейлік, Мәскеу тумасы Юлия Путинцева еді.

Таңбалар: АмерикаБорис БеккертеннисЮлия Путинцева

Ұқсас мақалалар

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін ұтқаннан кейін Қазақстанға оралды
Жаңалықтар

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін ұтқаннан кейін Қазақстанға оралды

23.09.2026
US Open финалында бірінші рет Рыбакина Соболенкомен шайқасады
Жаңалықтар

US Open финалында бірінші рет Рыбакина Соболенкомен шайқасады

11.09.2026
US Open турнирінде 1/2 финалға шыққан Рыбакина әлем рейтингісінде көш бастады
Жаңалықтар

US Open турнирінде 1/2 финалға шыққан Рыбакина әлем рейтингісінде көш бастады

10.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist