Ресейліктер Путин режимінен құтылу үшін соғыста жеңілгілері келеді – Подоляк
КИЕВ. 25 тамыз. Ресейліктер Путинннің диктаторлық режимінен құтылу үшін РФ армиясының Украинада жеңіліске ұшырағанын қалап отыр. Бұл туралы Dialog.UA ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тек сол жағдайда ғана Ресей халқы Владимир Путин билігін орнынан кетіре алады. Ал диктатордың тақтағы орнын сақтап, өмірін ұзарта түсу үшін соғысты жалғастыра бергеннен басқа амалы қалған жоқ. Өйткені, оның режимі соғыс жағдайында ғана сақтала тұрады. Соғыс тоқтаса болды, бірден өзі қолға түседі. Одан ары дядя Вованы Гаага халықаралық қылмыстық соты қамауға алады.
Иә, Кремль режимі мен қарапайым ресейліктер Курск облысында болып жатқан топалаңның әсерінен бүгінде Ресей – Украина соғысына осындай екі түрлі көзбен қарай бастады.
Бұл көзқарасты Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк (суретте) Freed эфирінде жеткізді.
Сұхбат берушінің айтуынша, соғыс аяқталған бойда Путинді сотталушылар орындығына алып баруға жетелейтін сұрақтар оған елдің ішінен де, сыртқа тараптан да қойылатын болады. Сондықтан соғыс қазір Кремль диктаторы үшін өте бір күшті қорғаныс шебі болып тұр.
Ресейліктер егер бұл соғыста РФ жеңілмейтін болса, мұның қазіргі іс басындағы режимнің сол қалпында сақталып қалуын қамтамасыз ететінін жақсы түсініп отыр.
«Бұл – режимнің шегіне жеткен тұйығы, ол Ресейді өте қысқа мерзім ішінде түгел нөлге айналдырып, елді біржола құртып тынады», – деді кеңесші.
Осы аралықта «Агентство» Ресейдің мемлекеттік ВЦИОМ мекемесі Украина Қарулы күштері Курск облысына басып кіргеннен кейін Путиннің рейтингі рекордтық деңгейде күрт құлдырап кеткенін хабарлады. Атап айтқанда, тамыздың 12-18-і аралығындағы бір апта ішінде диктатордың іс-әрекетін қолдаушылар саны соның алдындағы жетіден 3,5 пайызға түсіп кеткен. Ал Путинге сенім білдірушілік деңгейі 2,6 пайызға кері жылжыған. Ресей Украинаға шабуыл жасағалы бергі уақытта мұндай құлдырау болған емес еді.
Сонымен бірге ВЦИОМ Ресейдің мемлекеттік ұйымы екенін де естен шығармауымыз керек. Сондықтан Ресей диктаторының бедел-құрметіне баға беретін рейтингтің шынайы қалпы бұл цифрлардан әлдеқайда төмен, естен тантыратындай оғаш болуы әбден мүмкін.
Бұдан бұрын Dialog.UA ресейлік оппозиционер Игорь Яковенконың Украина Қырымды қайтарып алып жатса, мұның Путин режимінің құлауына жылдам алып баратынын айтқанын жазған еді.