Курск облысындағы ахуал Путиннің ел алдындағы беделін түсіріп жіберді
МӘСКЕУ. 23 тамыз. Украина Қарулы күштерінің Курск облысындағы табысты ұрыс қимылдары ресейліктердің Путинге деген қатты ашу-ызасын туғызып жатыр. Бұл туралы The New York Times газетінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украина Қарулы күштері Курск облысына басып кіргеннен кейін ресейліктер президент Владимир Путинге нашар қарай бастады», – деп жазады The New York Times. Басылым мұны әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттарына талдау жасай отырып, елдегі көңіл күй ауанын зерттеп келе жатқан FilterLabs AI компаниясының мәліметтеріне сүйеніп жазды.
Зерттеулер ресейліктердің мемлекет территориясына шет елдің армиясы басып кіргеннен кейін ресейліктерлің Путинге деген көзқарысының күрт өзгеріп, оны жек көруге көшкенін байқатты. Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет қайталанып отыр. Блогергер көптеген посттарда Украинаның шабуылы президент пен оған бағынышты үкіметтің берекесіз іс-әрекеттерінің салдары екені айтылуда. Бұған қоса, жұртшылық мемлекет басшысының содан кейінгі тірліктеріне де көңілдері толмайтынын білдіруде.
«Путиннің іс-әрекетіне негативті баға өткен жылы Евгений Пригожин бастаған «Вагнер» жеке әскер компаниясының қарулы бүлігінен соң бір бұрқ етіп көтеріліп еді, бірақ Украина Қарулы күштерінің басып кіруінен кейін одан да зор қуатпен өрлеп кетті», – деп жазады зерттеушілер.
Ал Кремльдің қожайыны өзінің алаңдаушылығын еш білдірер емес. Мұның орнына ол өз жиындарында Украина армиясының Курск облысына басып кіруі тақырыбында сөз қозғалуына тыйым салып, өзі Солтүстік Кавказ өңіріне «турне» жасап барып қайтты. Былайынша, мұңсыз-қамсыз адамның кейпін көрсетіп бағып жүр.
Осы аралықта Украина Қарулы күштері Курск облысының 90-нан аса елді мекені орналасқан 1200 шаршы шақырымы территориясын басып алды.
Кремль өз кезегінде пропагандистеріне Курск облысы үшін шайқастардың бірнеше айға созылғалы тұрғанына халықты дайындай беруді тапсырып қойды.