18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Париж-2024: Нұрбек Оралбай Олимпиаданың жартылай финалына шықты (видео)

2 Тамыз 2024 21:30
- Жаңалықтар, Сайыс
Париж-2024: Нұрбек Оралбай Олимпиаданың жартылай финалына шықты (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 2 тамыз. Бүгін Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде кезекті жеңісіне жеткен Нұрбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Біздің 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз Нұрбек Оралбай ширек финалда әзербайжан Мурад Аллахвердиевті 5:0 есебімен ұтты.

Шайқастың бірінші раундында қарсыластар аянып қалған жоқ. Екі боксшы да кездесу тізгінін бірден өз қолдарына ұстауға ұмтылып бақты. Соның сыңайында Нұрбек көбірек сәтті өнер көрсетті. Ол, әсіресе, раунд соңында бірнеше қатты да дәл соққы бере алды. Сірә, осы мезет таразы басын оған қарай аударып жіберсе керек. Төрешілер, сөйтіп, оның пайдасына 4:1 деген есеп жазды.

Бәсекелестер екінші раундта да қарқындарынан қайтқан жоқ. Алаңда позициялық шайқас үздіксіз жүріп жатты. Оның барысында ұдайы шабуылдаушы жақтың дағарасын қаққан біздің бағлан қателескен жоқ. Сондықтан қазылар бұл жолы оған 5:0 деген жеңіс берді.

Үшінші раундта ақыры әзербайжан атлеті бірінші нөмірмен ойнай бастады. Ол ұтылып жатқанын білгесін, бәрінің қарымтасын қайтарып алмаққа ұмтылды. Соның ыңғайында өзі қорғанысты ұмытып, қайта-қайта қарымта соққыларға тап бола берді.

Қорытындыда төрешілер жекпе-жекте Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті деп бағалады.

Осылайша Нұрбек Қазақстан құрамасы сапынан бірінші болып жартылай финалға шықты.

Бүгін енді 75 келіге дейінгі салмақтағы Карина Ибрагимова мен 51 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шығады. Бұлардың біріншісі 1/8 финалдық, ал екіншісі ширек финалдық шайқастарын өткізеді. Соның ішінде Карина Ибрагимова Пуэрто-Рико атлеті Эшли Энн Лозада Моттамен, ал Сәкен Бибосынов өзбек Хасанбой Дусматовпен жұдырық сілтеседі.

Таңбалар: бокс турниріНұрбек ОралбайПариж Олимпиадасы

Ұқсас мақалалар

Париж-2024: Бокс турнирі. Техникалық нәтижелер (27.07-10.08)
Жаңалықтар

Париж-2024: Бокс турнирі. Техникалық нәтижелер (27.07-10.08)

11.08.2024
Баходир Жалолов әуесқойдан кәсіпқойлар боксына өткенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Баходир Жалолов әуесқойдан кәсіпқойлар боксына өткенін мәлімдеді

11.08.2024
Қазақстанға Ресейден келген легионерлердің бәрі Олимпиадада ұтылды
Жаңалықтар

Қазақстанға Ресейден келген легионерлердің бәрі Олимпиадада ұтылды

10.08.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist