Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футболдан Өзбекстан құрамасы Олимпиадада Испаниядан ұтылып қалды

ПАРИЖ. 25 шілде. Кеше кешке Париждегі Олимпиялық ойындар футбол турнирінің 1-турында Испаниямен кездескен Өзбекстан құрамасы 1:2 есебімен жеңілді. Бұл туралы Kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Өзбекстан терме жамағаты Париждегі Олимпиялық ойындардың футбол турнирінің бірінші турында Испаниядан ұтылды», – делінген хабарламада.

Матчтағы есепті 28-минутта испан Марк Пубиль ашты. Ал бірінші таймға қосылған өтем уақытта Өзбекстан құрамасының форварды Элдор Шомуродов пенальтиден есепті теңестірді. Сөйтіп, өзбек футболы тарихында Олимпиадада бірінші гол соққан футболшы атанды.

Испандар екінші таймда тағы алға шықты. Ойынның 62-минутында Серхио Гомес мергендігімен танылды. Бұған қадар ол онбірметрлік айып добын соға алмаған еді. Шабуылшының қақпа ортасына қарай ұрған добын дарбазабон Абдувохид Нематов қайтарып үлгерді.

Бұдан кейін есеп қайта өзгерген жоқ. Қорытынды нәтиже 2:1 болып, Испания құрамасының пайдасына шешілді.

Турнирдің С тобында бұл екі құрамамен бірге Мысыр (Египет) және Доминикан республикасының ұлттық командалары да бар. Бірінші турда бұл екі жамағаттың арасындағы ойында есеп ашылмады.

Турнирдің алғашқы турындағы қалған кездесулер мынадай нәтижелермен аяқталды:

А тобы. Гвинея – Жаңа Зеландия 1:2, Франция – АҚШ 3:0.

В тобы. Аргентина – Марокко 1:2, Ирақ – Украина 2:1.

D тобы. Жапония – Парагвай 5:0, Мали – Израиль 1:1.

Келесі, 2-турдың ойындары 27 шілде, сенбі күні ойналады. Бұл күні Жаңа Зеландия – АҚШ, Франция – Гвинея, Аргентина – Ирақ, Украина – Марокко, Доминикан республикасы – Испания, Өзбекстан – Мысыр, Израиль – Парагвай, Жапония – Мали құрамалары өзара кездеседі.

Ал топтардағы соңғы тур 30 шілде, сейсенбі күні өтеді.

 

Хабардың өзбек тіліндегі нұсқасы:

Париж-2024. Ўзбекистон Олимпиададаги дебют ўйинида Испанияга мағлуб бўлди, Шомуродов тарихий гол муаллифига айланди

Париж-2024 Олимпиадаси 1-тури доирасидаги дастлабки ўйинда турнир дебютанти Ўзбекистон амалдаги кумуш медали соҳиби Испанияга қарши майдонга тушди.

Париждаги «Парк де Пренс» стадионида ўтган баҳснинг дастлабки дақиқаларидан бошлаб Темур Кападзе шогирдлари номдор рақибга қарши муносиб қаршилик кўрсатган ва ўйин бўйича устун ҳам келаётган бир пайтда испанлар дастлабки вазиятини голга айлантирди – 1:0. Марк Пубил ўз номини таблога ёздириб қўйди.

Учрашувнинг 45+3-дақиқасида эса Ҳамралиевга ишлатилган қўполликдан кейин VAR текшируви натижасида белгиланган 11 метрлик жарима зарбасини Шомуродов голга айлантирди – 1:1. Шу тариқа, Элдор – Ўзбекистоннинг Олимпиадалар тарихидаги илк голи муаллифига айланди.

Иккинчи бўлимнинг 60-дақиқасида Файзуллаевнинг қўполлигидан сўнг белгиланган 11 метрлик жарима зарбасини Серхио Гомес амалга оширди, Абдувоҳид Неъматов эса зарбани қайтаришга муяссар бўлди.

Аммо кўп ўтмай, Гомес барибир ниятига етди ва испанларни яна ҳисобда олдинга олиб чиқди – 2:1.

Учрашувнинг сўнгги дақиқаларигача вакилларимиз ҳисобни тенглаштириш учун қатор вазиятларга эга бўлишди, аммо Испания турнир тарихида илк учрашувини ўтказган Ўзбекистонга қарши баҳсда ғалабани сақлаб қолишга эришди.

Темур Кападзе шогирдлари 2-тур доирасида 27 июл куни Мисрга қарши майдонга тушади. Баҳс Нант шаҳрида бўлиб ўтади.

 

Париж-2024 Олимпиадаси. «С» гуруҳи. 1-тур

24 июл (чоршанба)

Ўзбекистон – Испания 1:2

Бош ҳакам: Даҳане Бейда (Мавритания)

Ўзбекистон: 1.Абдувоҳид Неъматов, 5.Муҳаммадқодир Ҳамралиев, 4.Ҳусниддин Алиқулов, 3.Абдуқодир Ҳусанов, 6.Иброҳимхалил Йўлдошев, 18.Абдурауф Бўриев (8.Русланбек Жиянов,  67), 15.Умарали Раҳмоналиев, 10.Жасур Жалолиддинов (17.Диёр Холматов, 67), 11.Остон Ўрунов (9.Ҳусайн Норчаев, 60), 14.Элдор Шомуродов (19.Иброҳим Ибрагимов, 80) 7.Аббосбек Файзуллаев.

Испания: 1.Арнау Тенас, 2.Марк Пубил, 4.Эрик Гарсия, 5.Пау Кубарси (12.Пачеко, 46), 3.Хуан Миранда, 6.Пабло Барриос, 10.Алекс Баэна, 11.Фермин Лопес (16.Адриан Бернабе, 76), 14.Аймар Орос (7.Диего Лопес, 77), 17.Серхио Гомес, 9.Абел Руис (18.Саму Омородион, 86).

Голлар: Элдор Шомуродов 45+3, пеналтидан – Марк Пубил 28, Серхио Гомес 62.

Фойдаланилмаган пеналти: Серхио Гомес, 60 (дарвозабон)

Огоҳлантиришлар: Пау Кубарси 7, Марк Пубил 37, Адриан Бернабе 80 – Жасур Жалолиддинов 36, Абдурауф Бўриев 61, Диёр Холматов 68.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button