19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ХОК IBA-ны мойындалған халықаралық федерациялар тізімінен шығарды

24 Шілде 2024 21:21
- Жаңалықтар, Сайыс
ХОК IBA-ны мойындалған халықаралық федерациялар тізімінен шығарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 24 шілде. Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) кеше Халықаралық бокс ассоциациясын (IBA) өзі мойындайтын федерациялар құрамынан алып тастады. Бұл туралы Forbes ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Француз байтағында алдымен Халықаралық Олимпиялық комитеттің 142-сессиясы болып өтті. Онда ХОК-тың президенті Томас Бах пен ұйымның тағы 14 мүшесі жаңа мерзімге қайта сайланды. Бір айта кететін жайт, Бах 1991 жылдан бері комитеттің мүшесі болып келеді.

Сессияда сондай-ақ комитет мүшелері Халықаралық бокс ассоциациясын (IBA) тануды жою жөніндегі шешімге бір ауыздан дауыс берді. IBA-ны 2020 жылдан бері ресейлік Умар Кремлев басқарады.

Осыған байланысты бүгін Олимпиялық хартияға IBA-ның беделді халықаралдық федерация ретінде мойындалмайтыны жөнінде түзету енгізілді.

ХОК 2023 жылдың жазында-ақ IBA-ны мойындау жөніндегі ұйғарымды кері қайтарып алған болатын. Осыдан кейін ассоциация бұл шешімді «саясиландырылған қадам» деп бағалап, онымен Спорт арбитраж соты (CAS) арқылы дауласуға әрекет жасап көрді. Алайда сот оны қараудан бас тартып, бірден қайтарып тастады.

Мұның бәріне ХОК-тың 2022 жылдың қазан айындағы табанды түрде білдірген ұсынысына қарамастан, IBA-ның Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстарға өз елдері туының астында жібергені себеп болды. Осыдан кейін бірқатар елдердің федерациялары наразылық көрсетіп, IBA құрамынан шығып кетті.

ХОК 2019 жылы IBA-ны мойындау мәртебесінен айырған болатын. Себебі, ұйым сол кезде қаржы және басқару салалары бойынша терең дағдарысқа ұшырады. Оған реформа жүргізу талап етілді. Осыған байланысты 2021 жылы Токиода өткен Олимпиаданың бокс турнирін ХОК-тың арнайы комиссиясы жүргізді. Ал 2024 жылғы Париж Олимпиялық ойындарына лицензия беруден бастап, бокс турнирін ұйымдастыру жөніндегі міндетті ХОК өз мойнына алды.

Әлбетте, IBA басшысы Умар Кремлев ХОК-тың кешегі шешіміне бұлқан-талқан болып қарсы шықты. Ол бірден ХОК президенті Томас Бахқа қоқан-лоққы жасауға кірісті.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Халықаралық бокс ассоциациясына балама ретінде World Boxing ұйымы құрылды. Басында АҚШ пен Ұлыбритания тұрған оған қазір әлемнің 20-ға жуық елі мүше болып үлгерді.

Қазір ХОК 2028 жылы өтетін Олимпиадаға ІВА-ға мүше елдер бокс құрамасын қатыстырмайтынын ашық мәлімдеп отыр. Енді әрбір елдің бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болуы тиіс. Сондықтан таяуда Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитетінің президенті Геннадий Головкин Reuters агенттігіне берген сұхбатында еліміздің бокс федерациясына ІВА-дан шығуға ұсыныс білдірген болатын.

Суретте: ХОК президенті Томас Бах

Таңбалар: IBAОлимпада турниріХОК

Ұқсас мақалалар

Украина ХОК-тан бірнеше ресейлік спортшыны шеттетуді сұрады
Жаңалықтар

Украина ХОК-тан бірнеше ресейлік спортшыны шеттетуді сұрады

09.01.2026
Геннадий Головкин World Boxing Олимпиялық комиссиясының төрағасы болды
Жаңалықтар

Геннадий Головкин World Boxing Олимпиялық комиссиясының төрағасы болды

26.09.2024
Бокс маманы Болат Манкенов Қазақстанның ІВА-дан шығуына қолдау білдірді
Жаңалықтар

Бокс маманы Болат Манкенов Қазақстанның ІВА-дан шығуына қолдау білдірді

16.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist