25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Төтенше жағдайлар министрлігінде штаттық құрылымға өзгерістер енгізіледі

20 Маусым 2024 18:55
- Жаңалықтар, Қоғам
Төтенше жағдайлар министрлігінде штаттық құрылымға өзгерістер енгізіледі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 20 маусым. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде биыл штаттық құрылым оңтайландырылып, жаңа департаменттер құрылады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған кезінде Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осының жайын баяндады. Ол Президентке министрлікте өзі келгелі бері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берді.

Шыңғыс Әрінов министрліктің штаттық құрылымын оңтайландыру, оның материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы да айтып өтті.

Министр Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында да сөз қозғады. Оның сөзіне қарағанда, қазір елімізде 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған. Бұдан бөлек, министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын қолға алған.

Шыңғыс Сайранұлы сонымен қатар Президентке құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы да мәлімет берді.

Қабылдау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министр Шыңғыс Әріновке азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндеттер жүктеп, тиянақты тапсырмалар берді.

Таңбалар: президентТөтенше жағдайларШыңғыс Әрінов

Ұқсас мақалалар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті
Жаңалықтар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті

24.08.2026
Камерунды 1982 жылдан билеп келе жатқан президент Еуропада жоғалып кетті
Жаңалықтар

Камерунды 1982 жылдан билеп келе жатқан президент Еуропада жоғалып кетті

10.08.2026
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist