26 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Судья Бишімбаев сотында мәскеулік мамандардың сараптамасын тіркемеді

17 Сәуір 2024 19:47
- Жаңалықтар, Қайнар
Судья Бишімбаев сотында мәскеулік мамандардың сараптамасын тіркемеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 сәуір. Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева Мәскеуі мамандары жасаған сараптама қорытындысын іске тіркеуден бас тартты. Бұл туралы nege.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр.

Кеше өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары ресейлік сарапшылар қорытындысын өз қорғаушылары әйелін өлтірмегеніне айғақ ретінде оқып берген болатын. Бұған қоса, сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова осы қорытындыны іске қосуды «ана ретінде шын жүректен» сұраған еді.

Сот отырысында адвокат Назкен Құсайынова, түскі үзілісті қосқанда, екі сағатқа жуық уақыт ресейлік сарапшылардың қорытындысын оқыды. Қорытындыда, маман сұрақтарға жауап бере отырып, Салтанат Нүкенова өлімінен 3-4 апта бұрын алған субдуральды гематоманың жарылуы және одан кейін миына қан құйылу салдарынан қаза болуы мүмкін екенін айтады. Бұл ретте гематоманың жарылуы, мамандар пікірінше, күшті физикалық әсерсіз де болуы мүмкін. Сонымен қатар, марқұмда, сарапшылардың пікірінше, инерциялық жарақат, яғни басынан итеру немесе соққыдан құлау белгілері жоқ.

Сағат 15:40-та айыптаушы тараптың аталған қорытындыны дәлелдеме ретінде жол берілмейтінін тану туралы өтініші бойынша мәселені шешу үшін сот кеңесу бөлмесіне шықты.

Бүгін судья Айжан Құлбаева Бишімбаев адвокаттарының тапсырыстары бойынша ресейлік мамандар шығарған сот-медициналық қорытындыны іске қоспау жөнінде шешім қабылдады. Ол «мамандар Нүкенованың мәйітін зерттемей, сот-медициналық сараптаманың сканерленген қорытындысын зерделеу негізінде оның өлімінің себебін іс жүзінде өз бетінше анықтады, бұған рұқсат етілмейді» деп мәлімдеді.

«Жоғарыда аталғандар негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 341 және 344-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қорғаушы Рамазанованың сараптама қорытындысын және оған қоса берілген құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысы қанағаттандырылды. Сарапшының 2024 жылғы 7 наурыздағы нөмірі жоқ қорытындысы жол берілмейтін дәлелдеме деп танылып, дәлелдемелер тізімінен шығарылсын», – деді Айжан Құлбаева.

Судья өзінің сөзінде мәскеуліктер сараптамаларында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары бұзылғанын атап өтті. Біріншіден, сараптама сарапшылардың құзіретінен тыс жасалған. Екіншіден, осы олар гистология және нейрохирургия маманы болмаса да, сол салаға қатысты қорытынды шығарған. Сондықтан бұл қорытындыларды тура деп айтуға болмайды. Сол себепті бұл анықтамалар заңсыз деп танылды.

Ал ресейлік мамандар – Евгений Кильдюшов пен Эдуард Туманов марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне субдуральды гематоманың жарылуы себеп болды деген тұжырым жасап, аталмыш қылмыстық іс аясында бұрын жүргізілген сараптамалық зерттеулерді іс жүзінде жоққа шығарған.

Енді сараптама жасап бергендердің өздеріне келсек: Ресейдің «Компромат.Ру» сайты Евгений Кильдюшовтың РФ астанасындағы жерлеу бизнесінің «Өкіл әкесі» болғанын, оның мәйіттерді беру үшін ақша талап етуі арқылы көзге түскенін, сот-медициналық сараптамасынан мемлекет қаржысын қолды еткені үшін қуылып кеткенін жазады. Ал Эдуард Туманов РФ-ның басқыншы армиясының украинның Буча қаласында жасаған зұлымдық әрекеттеріне суреттерге қарай отырып, баға беріп, онда шашылып жатқан өліктерді әр жерден жинап әкелінген және әр қилы уақытта өлтірілген деген қорытынды шығарып, оккупанттарды ақтап алмақ болғаны арқылы күллі әлемнің мазағына айналған сарапшы болатын. Ресей армиясы кейін осының шығарған қорытындысын өз пропагандасының жалауы етіп көтерді.

Міне, осындай адамдар біздің соттың ісіне алыста жатып, суреттерге қарап араласпақшы болған екен. Судья бұған жол бермеді.

 

Таңбалар: Евгений Кильдюшов. Бишімбаев сотысараптамаЭдуард Туманов

Ұқсас мақалалар

Бишімбаев адвокаты Мәскеу сарапшылары тұжырымдамасын тықпалады
Жаңалықтар

Бишімбаев адвокаты Мәскеу сарапшылары тұжырымдамасын тықпалады

16.04.2024
Бішкек пен Душанбенің өзара қырқысуы кімдерге тиімді?
Жаңалықтар

Бішкек пен Душанбенің өзара қырқысуы кімдерге тиімді?

04.05.2021

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist