26 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаев адвокаты Мәскеу сарапшылары тұжырымдамасын тықпалады

16 Сәуір 2024 23:20
- Жаңалықтар, Қайнар
Бишімбаев адвокаты Мәскеу сарапшылары тұжырымдамасын тықпалады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 16 сәуір. Әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деген айып тағылған Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Мәскеуде жасалған сараптама түйінін іске тігуді ұсынды. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысында айыпталушының адвокаттары ресейлік сот-медициналық сарапшыларының Салтанат өліміне байланысты шығарған шешімін оқыды», – делінген хабарламада.

Нақтылай айтқанда, экс-министрдің адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы Н.И. Пирогов атындағы ұлттық зерттеу медициналық университетінің сот-медициналық сарапшылары жасаған қорытынды жайында айтып берді.

Онда ресейлік білгіштер Қазақстанының тұжырымдарына қайшы келетін ой сорабын алға тартады. Айтуларынша, Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болмаған. Бұған Салтанаттың өліміне дейін 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болыпты-мыс.

Сот Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішіне сәйкес шешім қабылдау үшін үзіліс жасады.

Тағы бір айта кететін жайт, бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сөз сөйлеп, бұрынғы келінінің қазасына қатысты мәскеулік сараптама шешімін іс материалдарына қосуды сұрады.

«Мен, әрине, заңгер емеспін. Бірақ егер біздің мәскеулік сараптаманың нәтижесін қабылдамасаңыздар, менің ұлымның конституциялық құқығы бұзылады деп ойлаймын. Сондықтан сот, алқабилер, прокурорлар мен жәбірленуші тараптан мені ана ретінде түсінуді сұраймын. Мұны шын жүрегіммен айтып отырмын», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Нүкенованың өліміне себепкерлік еткен жарақаттарды атап шыққан еді. Ол Салтанаттың қандай соққылар алғанын манекенде көрсетті.

Алматы сот-медицина сараптамасы қызметкерінің айтуынша, жарақаттар мәйітті сараптау нәтижесінде анықталған. Яғни, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар жасаған. Олар сарапшы қорытындысында сипатталған.

Халимназаровтың пайымынша, мұның бәрі жалпылама бас жарақаты болып саналады. Оған бетіндегі жарақаттар да, бас сүйегіндегі жарақаттар да жатады.

Сот медицинасында бұл жарақаттардың бәрі сыртқы әсердің кесірінен болған зақымдану ретінде қарастырылады.

Тахир Халимназаров өлімнің себебін айтқан кезде осы жарақаттардың бәрін қарастыру керек екенін айрықша атап өтті. Олардың әрбірін бөлек қарастыруға болмайды.

Сотталушы Бишімбаев сотқа берген жауабында Нүкенованың қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлап түскенін баяндаған. Ал сарапшы марқұмның құлау салдарынан ешқандай жарақат алмағанын қадап тұрып айтты.

Сонымен қатар, сот-медициналық сарапшы Салтанат Нүкенованың басындағы субдуральды гематоманың мөлшері 230 грамм болған дегенге тоқталды. Осының өз кез келген адамды өлімге жеткізеді.

Тахир Халимназаровтың айтуынша, Бишімбаев оны қолмен ұрды ма, алақанмен ұрды ма, – маңызды емес. Себебі, бұл жағдайда ұрған адамның салмағы айтарлықтай әсер етеді. Салмағы ірі адам алақанымен болса да ауыр жарақат салуы мүмкін.

Таңбалар: Қуандық БишімбаевсараптамасотТахир Халилназаров

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist