Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Бишімбаев ісі: сотта оқиға куәгері мен әкімші хаттары оқылды (видео)

АСТАНА. 9 сәуір. Бұрынғы министрдің сотында кісі өлтіру процесі орын алған Bau рестораны әкімшісінің өзге куәгермен жазысқан хаттарыy оқудың кезегі жетті. Бұл туралы Tengrinews.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сотталушы Қуандық Бишімбаевқа әйелін асқан қатыгездікпен азаптап өлтірді деген айып тағылып отырғаны белгілі.

Соттағы тыңдау барысында қайғылы оқиғаның сахнасына айналған ресторанның құрылыс жұмыстарында жүрген куәгер Мейірбеков пен мекеменің Қарлығаш есімді әкімшісінің хаттарын оқудың да орайы келді. Сағат 2:27-де куәгер директордың, яғни Бишімбаевтың қайтып оралғанын, ол әйелімен VIP-нөмірде отырғанын жазған.

Жазба былай сөйлейді:

«Сағат 6:35 Мейірбеков: «Суреттер ілулі тұрған қабырға, екінші жартысын бітіруге мүмкіндік болмады, Қуандық шу шығарып жатыр».

Сағат 6:56 Мейірбеков: «Терезенің бойындағы колоннаны сырлап қойдық».

Сағат 6:57 Мейірбеков: «Випті» төңкеріп жатқан сияқты. Әйелі тірі болар деп үміттенемін».

Сағат 7:50 Мейірбеков: «Маски-шоу қойды. Жалаңаш кеудесіне пиджак киіп алған. Біз кетіп қалдық, не ұрып жатыр, не мүлкті қиратып жатыр».

Әкімші Қарлығаш: «Ол қалай, ішпеді ме?»

Мейірбеков: «Екеуі бірге, ес-түссіз мас».

Қарлығаш: «Оны қалай алды?».

Куәгердің айтуынша, ол Бишімбаев Нүкенованы ұрып жатыр деп шешкен, өйткені, VIP-кабинадан қағылып-соғылған қатты дыбыстар шыққан, соның ішінде Бишімбаевтың барқыраған дауысы естілгенімен, Нүкенова тарапынан еш үн білінбеген.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button