25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс: Бүгін олимпиялық лицензия турнирі үшін іріктеу сайыс басталды

8 Сәуір 2024 19:06
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс: Бүгін олимпиялық лицензия турнирі үшін іріктеу сайыс басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 8 сәуір. Бүгін Астанада Қазақстанның олимпиялық іріктеу турниріне қатысатын боксшыларын анықтауға арналған спаррингтік сайыстар сөреден шықты. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Турнир 10 сәуірде мәреге жетеді. Ол ерлер арасында 63,5 келіге дейінгі, әйелдер арасында 50, 54, 66 және 75 келіге дейінгі салмақтарда олимпиялық лицензиялық турнирге баратын республика былғары қолғап шеберлерін сараптап шығарады.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитеті жеребе тарту рәсімін жүргізіп, алғашқы қарсыластарды анықтаған болатын.

Бұл кезге шекті ерлер құрамасы жеті салмақтың алтауы бойынша, ал әйелдер алты салмақтың біреуі бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алып қойған-ды. Атап айтқанда, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) пен Карина Ибрагимова (57 кг) өткен жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қорытындысымен лицензияға ие болса, бұған Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) биыл Италияның Буста-Арсицио қаласында өткен олимпиялық лицензиялық турнирде қол жеткізді.

Сонымен, Астана турнирінде Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов және Жандос Қыдырәлиев есімді боксшылар біздің құрама үшін вакансия болып тұрған 63,5 келіге дейінгі салмақтағы жолдама үшін кімнің кезекті турнирге аттанатынын өзара анықтауға кірісті.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта ғана финалық шайқас өтті, ал қалған салмақтарда ширек финалдық жекпе-жектер ойналды.

Спарринг-турнирді Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов ашты. Олардың бәсекелері өте тартысты өтті. Дегенмен, жекпе-жек басынан алға ұмтылған Мұхаммедсабырдың талпынысы өз жемісін берді. Бірінші раундта ептеп есе жіберіп алған ол қалған екі раундта қарсыласынан басым түсті. Оның үстіне, Ертуғанның шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, Мұхаммедсабыр жартылай финалға шықты. Ертеңгі сынақта оны Жандос Қыдырәлиев күтіп алады. Келесі жартылай финалдық жұпты Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған болатын.

Әйелдер арасындағы бәсекені 50 келіге дейінгі салмақтағы әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай мен әлемнің бір мәрте чемпионы Алуа Балқыбекова бастап берді. Онда бірінші раундта 2:3 болып ұтылған Назым келесі екі раундта да 5:0 есебімен басым түсіп,  олимпиялық іріктеу турниріне қатысуға құқық беретін жолдаманы жеңіп алды.

Бұдан кейін 54 келіге дейінгі салмақта қыздардың төрт жұбы шаршы алаңға шығып, бәсекені қыздыра түсті. Алдымен Жайна Шекербекова Балауса Мұздыманды үш раундта да бет қаратпай жеңіп шықты. Содан соңғы үш жекпе-жекте де визавилеріне қарағанда, атақтары да, тәжірибелері де кемдеу жастар басымдық көрсетті. Атап айтқанда, Ұлжан Сәрсенбек – Элина Базарованы, Сымбат Әлиясқар – Дина Жоламанды, ал Әнел Сақыш болса, Сәния Сұлтанқызын тізе бүктірді. Осы ретте бұл текетірестердің бәрінде де қапталдағы төрешілер тарапынан әділ баға берілгенін айта кетуіміз керек.

Енді ертең Жанна Шекербекова – Ұлжан Сәрсенбек, Сымбат Әлиясқар – Әнел Сақыш арасында жартылай финалдың шайқастар өтеді.

Соңынан 66 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова мен Наталья Богданова күш сынасты. Мұнда да жас атлеттің десі басым шықты. Сөйтіп, 24 жастағы Наталья өзінен 11 жас үлкен әріптесінен үш раундта артық көрініп, жеңіске жетті. Ол ертең жартылай финалда Милана Сафроновамен шайқасады. Келесі 1/2 финалдық жұпты Лаура Есенкелді мен Жасмин Қизатова түзеді.

Ертең сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақтағы Жібек Жарасқызы мен Гүлсая Ержан арасында да жартылай финалдық жекпе-жек ойналады. Олардың жеңгені 10 сәуірдегі финалдық айқаста Валентина Хальзовамен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Азия құрлығы боксшыларының Олимпиада алдындағы соңғы лицензиялық іріктеу турнирі 23 мамыр – 3 маусым аралығында Таиланд байтағы – Бангкок қаласында өтеді.

Тағы бір айта кететін жайт, Астанадағы спаррингтік турнирдің бүгінгі шайқастары Астана уақытымен 16:00 сағаттан бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Еске сала кетейік, ертең де, арғы күні де аталмыш телеарна сағат 16:00-де турнирді көрсетуді бастайды.

Таңбалар: Астанабокс турниріолимпиялық іріктеуспарринг

Ұқсас мақалалар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі
Жаңалықтар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі

26.06.2026
Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Әлеумет

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

08.06.2026
Энергетика, сауда және Амур жолбарыстары. Путин мен Тоқаевтың мәлімдемелері
Жаңалықтар

Энергетика, сауда және Амур жолбарыстары. Путин мен Тоқаевтың мәлімдемелері

28.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist