18 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаев әкесіне «Сен анам екеуміздің өмірімізді құрттың» деді – Амангелді

30 Наурыз 2024 22:36
- Жаңалықтар, Қайнар
Бишімбаев әкесіне «Сен анам екеуміздің өмірімізді құрттың» деді – Амангелді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 30 наурыз. Астанада Бишімбаевтың соты үстінде марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді сотталушы Қуандықтың бұрын әкесіне осылай дегенін айтты. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астанада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша жүріп жатқан сотта куә ретінде сөйлеген Айтбек Амангелді «балапанның ұшқанда ұяда не көрсе, соны ілетінін» меңзеп, бұл отбасында өзі көзімен көрген оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді.

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сот отырысында қарындасы мен Қуандық Бишімбаевтың қарым-қатынасы, олардың алғашқы жанжалы туралы әңгімеледі. Оның айтуы бойынша, Салтанат пен Қуандық арасындағы алғашқы кикілжің желтоқсан айында болған.

«Олардың бірінші жанжалы Қуандық ресторан қызметкерлерімен дөрекі сөйлескеннен кейін Салтанат оған ескерту жасаған кезде басталған еді», – деді Айтбек сот отырысында.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы тағы бір жанжал Жаңа жыл мерекесі кезінде орын алған.

«Олар Жаңа жылды ата-анасымен, бірінші некедегі балаларымен бірге тойлауға тоқтам жасасқандарын айтып, мені де өздерімен бірге болуға шақырды. Үстел басында балалар, оның ата-анасы және өзі (Қуандық Бишімбаев – ред.) отырды. Салтанат дастархан дайындады. Сол кезде қарындасымның қатты ашулы екенін байқадым. Сосын «Не болды?» деп сұрадым. Ол: «Бәрі жақсы, қазір дастархан жайып, отырамын» деп жауап берді. 31 желтоқсан күні кешкі сағат 10 шамасында шақырылмаған туыстары да келді. Бұлар – қазір айыпталып жатқан Байжанов пен оның әйелі. Екеуі сыйлық әкеліпті. Салтанат оларға да сыйлық бермекші болды. Қуандық Салтанатқа өз сыйлығын – иіссуларын беріп қойған еді. Салтанат оларға (Байжановтар отбасына – ред. ескертпесі) сол иіссуларды бергісі келді. Қуандық сонда: «Сенің бұл сыйлықты беруге қандай хақың бар, соған оны мен бердім», деді. Ата-анасы «қой» деп еді, ол бұған дөрекі түрде жауап қайтарды. Қуандық әкесіне: «Бәріне сен кінәлісің, менің және анамның өмірін сен құрттың» деді. Сосын ашуланып, пәтерден шығып кетті», – деді Айтбек Амангелді.

Сол күнгі тағы бір жанжал Бишімбаевтың бірінші әйелінен туған балаларына берген сыйлықтарына байланысты туған.

«Шырша астында балаларға арналған сыйлықтар тұрды, үлкендер балаларға оларды алып ашуға рұқсат берді. Сол кезде Қуандық кіріп келді. Ол өзінің рұқсатынсыз қораптардың ашылғанын көріп: «Бұл – менің сыйлықтарым, сендердің ашуға қандай құқықтарың бар?» деді. Сол кезде мен кетуім керек екенін білдім. Кетерімде Қуандықтың анасы қасыма келіп, жылап тұрып: «Бізді кешір» деді. Мен: «Бәрі жақсы, ренжіген жоқпын» деп жауап бердім. Ертеңіне, 1 қаңтар күні Салтанатқа телефон соғып, кеше не болғанын, бәрі қалай аяқталғанын сұрадым. Ол Қуандықтың адамдар дастархан басында отырғанда үстелді ыдыс-аяғымен қоса аударып тастағанын айтты. Мен одан: «Жай ғана сыйлықтар үшін де осылай бола ма?» сұрадым. Қарындасым: «Иә, болып тұрады» деп жауап берді», – деді Айтбек Амангелді.

Ағасы сол кезде Салтанат пен Қуандықтың арасында түсінікпеушілік бар екенін байқағанын айтты.

«Мен олардың арасындағы қарым-қатынастың дұрыс еместігін сездім. Мен жақын адамдарыма болған жайтты айтып, ортақ талқыладық. Жас отбасы ғой, назардан тыс қалдырмайық дедім», – деді Салтанаттың ағасы.

Айта кетейік, 27 наурызда Астанада алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаев ісі бойынша ашық режимде басты сот отырысы болды. Сот отырысын онлайн-трансляция арқылы кез келген адамға көруге мүмкіндік берілді. Басты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні не жағдай болғанын баяндады.

Айтқандай, Қуандық Бишімбаев тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын тағы да мәлімдеді.

Таңбалар: Айтбек АмангелдіҚуандық Бишімбаевсот

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist