25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққан

20 Наурыз 2024 22:23
- Әлеумет, Жаңалықтар
Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққан
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАВЛОДАР. 20 наурыз. Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы өзімен бір мектепте оқитын қыз баланы ұрып соғып, дене зақымын келтірген. Бұл туралы «Адырна» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бірақ бұл бұзақылық әрекет үшін оны жасаған әкімнің ұлы емес, «баласына дұрыс тәрбие бермеген» қыздың анасы жазаланған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист Білім вице-министрі Еділ Оспанның назарын осы оқиғаға аударды. Ол министрдің орынбасарына: «Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы мектеп қабырғасында қызды ұрып-соғып, мұрнын сындырғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. Қыздың анасы дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жағдайға қатысты пікіріңізді тыңдап, білгім келеді. Неліктен қызды ұрған ұл мен оның ата-анасы жауапқа тартылмады?», – деген сауал қойды.

Білім вице-министрі мұндай оқиғаның орын алғанын растады.

«Иә, шынында да мұндай факт болған. Мен баршаға айтқым келетіні, біз әлеуметтік желілерде пайда болған әрбір жағдайды мұқият тексеріп, тиісті мемлекеттік органдарға хабарлаймыз. Осы фактіге сүйене отырып, мен қазір тергеу жүріп жатқанын, тиісінше шара қолданылатынын хабарлаймын. Туыстық байланысқа қатысты айтар болсам, менің білуімше, оның бар екені шындық болып шықты», – деді Еділ Оспан.

Ақпаратқа балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина да түсіндірме берді. Оның айтуынша, жанжал биылғы жылдың қаңтар айында Павлодар облысындағы мектептердің бірінде болған.

«Шынымен де, сондай факт орын алған. Ол биылғы жылдың қаңтар айында тіркелген. Бізге белгілі болғандай, бүгінде іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта қаралып жатыр, баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жиналыс өтіп үлгерді», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде зардап шеккен қыздың анасының үндеуі шыққан болатын. Полицейлер жағдайды анықтап, Павлодарда 7-сынып оқушысы мен 6-сынып оқушысы арасында жанжал туғанын хабарлады. Оқиға салдарынан қыз ауруханаға жатқызылған. Полицейлер баланың әрекетін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп бағалаған. Іс материалдары сотқа жолданды.

Тағы айта кететін жайт, қалалық мәслихат депутаты Гүлжайна Дәрімова аталмыш жанжалға қатысты кішкентай қызды «баланы сондай эмоцияға жеткізген өзі» деп айыптаған екен.

Таңбалар: әкімнің ұлыжанжалПавлодар облысы

Ұқсас мақалалар

Алматыдағы супермаркетте тілге қатысты шу шығарған әйел жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Алматыдағы супермаркетте тілге қатысты шу шығарған әйел жауапқа тартылды

20.06.2026
Семейдегі жанжалдың жалғасы: оны бастаған Карповичтің өзі болып шықты
Жаңалықтар

Семейдегі жанжалдың жалғасы: оны бастаған Карповичтің өзі болып шықты

16.06.2026
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер қайта жалғасуы мүмкін
Жаңалықтар

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер қайта жалғасуы мүмкін

14.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist