Ресейліктер арасында соғысты қолдайтындардың үлес-салмағы әлі де жоғары
МӘСКЕУ. 27 ақпан. Ресейліктердің көпшілігі соғысты қолдайды, сауалдамаға жауап бергендердің жартысы украин жерінде қырғын салғанды қалайтын болып шықты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
RussianField социологтары ақпан айында жүргізген сауалдаманың қорытындысы РФ азаматтары арасында Украинадағы соғысты жеңіске жеткенше жалғастыра бергенді қалайтындардың үлес-салмағы бұрынғысынша жоғары болып тұрғанын көрсетті. Мұндай ойлағылар 49 пайызды құрады. Алайда 2022 жылғы наурыз айындағы деңгейдің біршама түскен байқалады. Сол жолы ресейліктердің 57 пайызы импершіл диктатор Путиннің Украинаға жасаған агрессиясын қуана қарсы алған еді. Ал мобилизация кезінде бұл көрсеткіш 51 пайызға дейін құлаған болатын.
Дегенмен, социологтардың айтуларынша, Путиннің соғысын «қателік болды» деп есептейтіндер бұрынғыға қарағанда, біршама көтеріліп қалыпты. Ол 38 пайызға дейін жетіпті. Бұрын, 2022 жылдың наурызында бұл көрсеткіш 28 пайыз болған-ды.
Сұрау салынғандардың басым бөлігі – 71 пайызы соғыстың тым ұзап кеткеніне қынжылыс білдіреді, олар бәрі блиц-криг болады деп есептесе керек. Бұларды негізінен жастар мен кедей тұратын отбасының мүшелері құрайды. Осы топтың 76 пайызы әлі РФ федералды телеарналарының насихатына сенеді.
2022 жылдың наурызында ресейліктердің 13 пайызы ғана соғыстың жылдан астам уақытқа созылып кететінін болжаған екен, ал 77 пайызы Ресей оккупанттарының «соғыс операциясын» тез арада аяқтай салатынына сенімді болыпты. Қазір соғыс үшінші жылға қараған шақта сұрау салынғандардың 44 пайызы қан майданның алдағы жылы біте салатынына оншалықты илана қоймайды.
Сонымен қатар, RussianField ұйымының мәліметі бойынша, ресейліктердің көпшілігі бейбіт бітім арқылы соғыстың аяқталғанын қалайды, олардың қарасы 49 пайызды құрайды.