Белгород тағы да шабуылдың астында қалды. Кемі бес адам қаза тапты
МӘСКЕУ. 15 ақпан. Украина Қарулы күштері бүгін Белгород облысын RM-70 «Вампир» дүркін отты реактивті жүйемен ракетамен атқылады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
РФ қорғаныс министрлігі әуе шабуылынан қорғану күштерінің он төрт реактивті снарядты жойып жібергенін баяндады. Ол шабуылдың шамамен сағат 12:30-да басталғанын айғақтады.
Дей тұрғанмен, ракеталардың біразы Белгород қаласына дейін жеткен. Олардың бірі Плеханов көшесіндегі «Князь Владимир» сауда орталығына түсіп, біршама залал келтірген, ал келесі бір снаряд 42-ші мектептің стадионына құлады. Сондай-ақ Лермонтов көшесіндегі «Магнит» дүкені мен аулаға жарықтары шашырады.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков кемінде 5 адамның қаза тапқанын, олардың бірі сәби екенін айтты, сондай-ақ 18 адам жарақат алып қалған, бұлардың бесеуі балалар көрінеді.
Сонымен бір мезгілде Mash телеграм-арнасы қаза тапқандардың кемінде 10 адам, олардың екеуі бала екенін айтып жатыр.
Алайда Украина тарапы Белгородқас соққы жасаған Ресей қарулы күштерінің өзі дегенді айтып отыр. Украин БАҚ-тарының жазуларынша, РФ әуе қорғаныс жүйесі Белгородқа күйрете соққы берген.