Конгрестегілер АҚШ-тың Украинаға көмек беруі қашан жалғасатынын айтты
УАШИНГТОН. 6 ақпан. Конгрестегі республикашыл Тим Уолберг Құрама Штаттардың Украинаға әскери көмек беруді бастайтын мерзімі жайында сөз қозғады. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Конгресмен республикашылардың басым көпшілігінің Украинаға көмек беруді қолдайтынын атап өтті. Бірақ АҚШ-тың түстіктегі шекарасындағы өзекті мәсеелені шешім алмай, бұл тақырып әзір қарала қоймайды. Республикашы Тим Уолберг NV басылымына берген сұхбатында осылай деді. Оның болжамынша, Украинаға әскери көмек беру туралы заң жобасына дауыс беру алдағы екі айдың ішінде қолға алынып қалуға тиіс.
Депутат Республика партиясы өкілдерінің басым бөлігі Украинаға көмек көрсетілгенді жақтайтынына сендірді. «Бізде қазір екі мақсат бар, біріншісі – Америка тұрғындарын сырттан келетін қатерден қорғау, екіншісі – Украинаға көмек беру. Мен Украинаға көмек беру мәселесінің алдағы екі ай ішінде шешіліп қалады деп ойлаймын», – деді ол.
АҚШ сенаторларының алаңдайтын реті бар. Қазір Мексика жақтағы шекара арқылы, Техас аумағымен Құрама Штаттарға жыл сайын кемінде 2,5 миллион адамның астыртын, жасырын, рұқсатсыз келетіні белгілі болды. Бұрын ондайлардың 1,5 жылға дейін елде жүруіне кеңшілік берілетін. Енді тек жарты жылға дейін мүмкіндік беру қарастырылып жатыр.