17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

90-шы жылдары адамдарды автоматпен атқан қарақшы 26 жылдан соң ұсталды

31 Қаңтар 2024 19:26
- Жаңалықтар, Оқиға
90-шы жылдары адамдарды автоматпен атқан қарақшы 26 жылдан соң ұсталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КӨКШЕТАУ. 31 қаңтар. Ақмола облысының полицейлері кезінде адамдарды автоматпен атып өлтірген қарақшыны қолға түсірді. Бұл туралы Bugin.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы мүшесі 26 жылдан соң ұсталды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық топтың қарақшылары жүргізушілерді тонаумен айналысқан, оның барысында 4 кісіні атып өлтірген. Оларға сондай-ақ экономикалық контрабандамен шұғылдану, билік өкілінің немесе шенеуніктің атағын беру фактілері бойынша айып тағылған.

Банды бұл қылмыстарды бұдан 26 жыл бұрын, яғни 1998 жылы жасаған.

Полицей киімін киіп, автоматпен қаруланып алған қылмыскерлер ұлан жолдың бойында көлік тоқтататын болған. Тоқтаған көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын атып, мәйіттерді орманға жасырған. Кісі өлтірумен және қарақшылықпен егеленіп кеткен сол көліктерін бөлшектеп, Ресей жаққа сатып отырған.

Massaget.kz порталының жазуынша, 90-жылдары Ақмола облысында елді қан қақсатқан бұл қарақшылар тобы «Нагоев бандасы» деп аталған. Ол 10 адамнан құралған. 1999 жылы қарақшылардың 9-ы қамауға алынған. Сотта олардың екеуі өлім жазасына кесілсе, қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылған. Тек осы жігіт қана ұстатпай кеткен. Ол ізін білдіртпеу үшін сақал қойып алған, тіпті аты-жөні мен туған күніне дейін өзгертіп жіберген. Сөйтіп, ширек ғасыр уақыт емін-еркін, беймалал жүрген. Содан бері үш бала тәрбиелеп өсірген. Енді жасы 55-ке келгенде ақыры қолға түсті. Ол Көкшетау қаласында құрықталды.

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Таңбалар: 90-шы жылдарбандыКөкшетауқылмыскер

Ұқсас мақалалар

Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады
Аймақ

Көкшетауда елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі қатарға қосылады

01.10.2026
Трамптың сұсты сөздері Путиннің зәре-құтын алып жатыр – Эйдсман
Жаңалықтар

Тихий: Путин Ресейдің заңы бойынша 20 жылға сотталуы тиіс

28.02.2025
АҚШ сенаторы: Путин соғыс қылмыстары үшін өлімге кесілуі тиіс
Жаңалықтар

АҚШ сенаторы: Путин соғыс қылмыстары үшін өлімге кесілуі тиіс

19.02.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist