Латынина: АҚШ Украинаға байланысты Путинге нақты ультиматум қойды
КИЕВ. 30 желтоқсан. Ресей журналисі Юлия Латынина Құрама Штаттардың Кремльге Украина энергетика жүйесін атқылауы орайында ультиматум жасағанын жазды. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Уашингтон Кремльге Украинаның энергетика жүйесін соққыға алуына байланысты ультиматум қойғанға ұқсайды.
Өзінің АҚШ-тағы мәнбесіне сілтеме жасаған ресейлік белгілі журналист Юлия Латынина өзінің YouTube-тағы арнасы эфирінде осындай инсайдын ортаға салды. Оның сөзіне қарағанда, мұндай ақпар РФ оккупанттары 29 желтоқсан күні Украинаның көптеген ірі қалалары мен облыстарын жаппай ракета соққысы астына алғанға дейін тараған.
«Мен өте байсалды мәнбелерден америкалықтардың Путинге енді өткен жылғыдай биыл да Украинаның энергетикалық инфрақұрылымдарын жойып жіберу үшін оларды тұрақты түрде соққының астына алып тұратын болса, Пентагонның Киевке РФ логистикасын, соның ішінде Ростов пен Белгородтағы, тағы сондай қалалардағы әскери нысандарын алыстан атқылауы үшін ATACMS қондырғыларын жеткізіп беретінін ескерткенін естідім», – деп атап өтті ресейлік журналист.
Латынина Путиннің бұл ескертуге құлақ асқанын РФ армиясының 29 желтоқсан күні Украинаны атқылағанда энергетика жүйелерін айналып өткендерінен көрініп тұрғанын айтады. Мұның орнына соққыларды «алаңдар бойынша»: тұрғын үйлер мен ауруханалар аудандарына қарай жасаған.
Тұтастай алғанда, оның пікірінше, авиашабуылдың басты мақсаты батысқа ықпал етуге арналған. Кремльдегілер украин үйлерін бомбылау батыс қоғамын қантөгісті тоқтату үшін Киевті капитуляция жасауға мәжбүр етеді деп ойлайды.
Латынинамен бірге тікелей эфир хабарына қатысқан Украина президенті басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк ультиматумға қатысты болжамды мақұлдаған жоқ. «Шындық мүлде басқаша», – деп атап өтті ол.
Суретте: ATACMS