22 Қыркүйек, 15:09
RAST.kz
USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алаш жұрты Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды

27 Ақпан 2020 13:42
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алаш жұрты Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 27 ақпан. Бүгін Ақмола облысының «Талапкер» ауылында алаш жұрты  белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділ бұдан екі күн бұрын, 25 ақпан күні таңертең Астана қаласындағы тергеу оқшаулағышында түсініксіз жағдайда жантәсілім еткен еді. Бүгін жұртшылық оны қара жердің қойнына беретін жаназаға жиналды.

Ауылда боран ұйытқып тұрғанына қарамастан, қаралы жерге мыңнан аса адам келді. Олардың арасында аймақтан келген қоғам белсенділері, тіркелмеген «Көше партиясы» өкілдері, саясаткерлер болды.

Белсендінің жаназасына жиналғандар Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті кінәлады. Марқұмды жерлеуге апара жатқан кезде жұрт бір ауыздан «Шал, кет!» деп айқайлады.

Соңынан Дулат Ағаділдің мүрдесі «Талапкер» ауылының маңындағы бейітке қойылды.

Ақмола облысында белсендіні жерлеп жатқан кезде Қазақстанның Алматы, Тараз, Ақтөбе және Шымкент қалаларында қаралы митинг өтіп, оны еске алды. Алматыда Республика алаңына жиналған 70-80 шақты адам Дулат Ағаділдің рухына құран бағыштады. Шара кезінде кейбір адамдар Ағаділдің суретін ұстап тұрды. Алаңда полицей қызметкерлері айнала қарап жүрді.

Бұған дейін түрлі аймақта жаназаға бармақ болған белсенділерді полицияның ұстағаны белгілі болған еді.

Марқұмды түнде үйде ұйықтап жатқан жерінен бір топ полиция қызметкерлері баса-көктеп кіріп, алып кеткені айғақталды. Содан кейін 43 жастағы Дулат Ағаділдің Астананың тергеу оқшаулағышында көз жұмғаны жайлы хабар ақпанның 25-і күні түстен кейін тарады. Астана полиция департаментінің алдын ала дерегі бойынша, Дулат Ағаділ «жүрек талмасынан» көз жұмған. Белсенділер мен Ағаділдің таныстары оның жүрегі ауырмағанын айтады. Полицейлер тіпті оның арақ ішкені жөнінде де қауесет таратты. Ал марқұмды жақсы білетін адамдар оның татып алмайтын адам болғанын алға тартады. Мұны белсендіні полицейлер үйінен алып шығып келе жатқанын көрсететін видеодан да байқауға болады. Онда мас адамның кескіні көрініп тұрған жоқ.

Ағаділдің қазасынан соң Астанада, Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде белсенділер полиция департаментіне жиналып, Ағаділдің жүрек талмасынан қаза болды дегенге күмән келтірді. Олар бұл жағдайға қазіргі билік жауапты деп, қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрcұлтан Назарбаевтың және сенат спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетулерін және үкіметтің тарауын талап етті.

26 ақпанда Алматыда 70-80 адам қалалық прокуратураға барып, Ағаділдің өлімін әділ әрі ашық зерттеуді талап етті. Сол күні АҚШ мемлекеттік департаменті мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі белсендінің өліміне алаңдаушылық білдіріп, Ағаділдің өлімін ашық әрі мұқият тергеуге шақырды.

Таңбалар: Дулат Ағаділ

Ұқсас мақалалар

Белсенділер Дулаттың өлімін тексеру жөнінде штаб құрды
Жаңалықтар

Белсенділер Дулаттың өлімін тексеру жөнінде штаб құрды

26.02.2020
Наразы жұрт министрдің отставкаға кетуін талап етті
Әлеумет

Наразы жұрт министрдің отставкаға кетуін талап етті

26.02.2020
Белсенді Дулат Ағаділ тергеу оқшаулағышында қайтыс болды
Әлеумет

Белсенді Дулат Ағаділ тергеу оқшаулағышында қайтыс болды

25.02.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

  • СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

  • Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

  • Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады

  • ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

  • Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist