Жаңалықтар жаңғырығы

Назарбаевтың інісінің ұлы Самат Әбіштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 19 қыркүйек. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісінің ұлы Самат Әбіштің үстінен Қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іс қолға алынды. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Сатыбалдыұлы Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сейсенбі күні Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің үстінен «Қаңтар оқиғасы» кезінде билігі мен лауазымдық өкілдігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізетіні белгілі болды.

Қадағалау ведомствосы сонымен бірге, Конституция алдында жұрттың бәрі бірдей екенін атап өтті.

Енді тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша заңды процессуалды шешім шығарылады.

Айта кетейік, Самат Әбіш былтырғы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен алынып қалған еді. Сол оқиғаға дейін ол Қазақстан президенттігі лауазымына басты үміткерлердің бірі ретінде аталып жүрді. Ал «қаңтар қырғынына» байланысты тек куә ретінде тергеуге шақырылды. Алайда ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов жақында өткен сот процесінде «қаңтар оқиғасы» кезінде өзінің Самат Әбіштің тікелей бұйрығы бойынша әрекет еткенін айтып берген еді.

Қазіргі күндері Самат Әбіш Қазақстанда тұрып жатыр. Бас прокуратура одан елден кетпеу жөнінде тілхат алды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button