ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Принцесса Дианамен бірге қаза тапқан Доди Әл-Файедтің әкесі дүние салды

ЛОНДОН. 2 қыркүйек. Египеттен шыққан миллиардер, ханшайым Дианамен бірге жол апатында қаза тапқан Додидің әкесі Мохамед Әл-Файед өмірден өтті. Бұл туралы polsatnews.pl ақпарына жүгінген rast.kz хабарлайды.

«Тегі мысырлық бизнесмен, «Harrods» әмбебап дүкені мен «Фулхэм футбол клубының бұрынғы қожайыны Мохамед Әл-Файед 94 жасында қайтыс болды. Мохамед Әл-Файед бұдан 26 жыл бұрын Парижде болған көлік апаты кезінде ханшайым Дианамен бірге қаза тапқан Доди Әл-Файедтің әкесі еді», – делінген поляк ақпарат агенттігінің хабарында.

Миллиардердің қазасы жайында жұма күні марқұмның отбасы баяндады.

«Ол қартайған шағында, 2023 жылғы 30 тамызда тып-тыныш қана өмірден өтті. Ол туған-туыстарының ортасында ұзақ өмір сүрді, зейнеттік өмірдің толық рахатын көрді», – деп жазды әулет мүшелері.

Мысыр бизнесменімен сондай-ақ «Фулхэм» футбол клубының мүшелері де қоштасты. Ол бұл командаға 2013 жылға дейін егелік жасады.

«Біздің бәріміз өзіміздің бұрынғы қожайынымыз және клуб төорағасы Мохамед Әл-Файедтің қазасына қатты қайғырып отырмыз. Біз оның клубқа жасаған барлық жақсылықтары үшін қарыздармыз. Біздің қазіргі барлық ақыл-ойымыз оның отбасымен бірге», – делінген клубтың в Facebook-те жарияланған мәлімдемесінде.

Кәсіпкер ұлы 1997 жылғы 31 тамызда Парижде болған автомобиль апатында «ханшайым Димен» (Дианамен) бірге қаза тапқан ұлы Додидің өліміне тура 26 жыл толуына бір күн қалғанда жантәсілім етті. Ол ұлы мен ханшайымның ажалы Британияның король әулеті қолдан ұйымдастырған апаттан келді деумен өмірден өтті.

Мысыр бизнесмені Британияға 60-шы жылдардың басында келген еді. Ол 1985 жылы Лондондағы Harrods дүкенінің егесі атанды. Содан кейін Париждегі «Ритц» отелін сатып алды. Ал 1997-2013 жылдары Лондонның «Фулхэм» футбол клубына егелік етті.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button