Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

РФ солдаттары қаза тапқан қаруластарын отқа өртеп кетіп жатыр

КИЕВ. 5 тамыз. Басқыншы Ресейдің кейбір бөлімшелерінің жауынгерлері оққа ұшқан жолдастарының денелерін отқа өртеп кетіп жүргені белгілі болды. Бұл туралы «Диалог. ua» мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украина Қарулы күштері дрондардың көмегімен оккупанттардың өздерінің «екіжүздіктері» мәйіттерін отқа қалай өртеп жатқандарын анықтады», – делінген хабарламада.

Басқыншылар әріптестерінің денелерін туған-туыстарына, отбасыларына жіберіп, әуре болып жатпас үшін олардан құтылудың осындай оңай жолын тауыпты. Сондай сәттің бірі түсірілген видеоны РФ қарулы күштері позициялары үстінен барлау жүргізген Украина Қарулы күштері таратты.

Оқыс оқиғаның кадрлары «Украина 365» telegram-каналында жарияланды.

Видеодан көрінгендей, РФ әскерилері бір жерге өздерінің «екіжүздікке» айналған әріптестерін жинап, олардың үстеріне бензин құйып, жан-жақтан от қойып жатыр.

РФ-ның оккупациялық армиясы Украинадағы майдан даласында опат болған өз солдаттарына барынша немкеттілікпен қарайды. Олар соғыстағы адам шығыны мөлшерін жасыру үшін көп жағдайда мәйіттерді жатқан жерлерінде қалдырадыі. Сосын марқұмдардың туған-туыстарына өтемақы төлемеу мақсатында бұл «екіжүздіктің» бәрін «хабарсыз кеткендер» қатарына жатқыза салады.

Айта кету керек, Украина Қарулы күштерінің мәліметі бойынша, 4 тамыз күні таңертең Ресей армиясының кең ауқымды соғыс барысында қаза тапқан жауынгерлерінің саны 248 мыңға жеткен. Одан бергі бір тәулікте тағы 640 басқыншы жер жастандырылды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button