Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ Таяу Шығысқа Ресейдің екпінін басу үшін истребительдер жіберді

УАШИНГТОН. 26 шілде. АҚШ Таяу Шығыстағы Ресей өктемдігін жоқ қылу үшін көзге көрінбейтін истребительдерін солай қарай аттандырды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Пентагон истребительдердің мұндай түрін Таяу Шығыс аумағына шұғыл жөнелтуді Ресей әскери ұшағы америкалық MQ-9 дронына шабуыл жасағаннан кейін жүзеге асырып отыр.

Ақ үй осы аптада Ресей әскери ұшағы осы аптада Сирия әуе кеңістігінде Американың MQ-9 пилотсыз әуе кемесіне шабуыл жасағаннан кейін өзінің Таяу Шығыстағы әуе кеңістігі тобын осы заманғы аса жаңа F-35 маркалы көзге көрінбес истребительдерімен күшейтті. Истребительдер жіберілгенін Fox News журналисі Лукас Томлинсон өзінің Twitter-дегі аккаунтында жазды.

F-35 истребительдері америкалық дронға ресейлік ұшқыштар шабуыл жасағаннан және Иран тарапынан арандатушылықтар орын алғаннан кейін бірнеше күннен соң пайда болды.

Журналист Америка истребительдерінің аэродромға қондырылып жатқаны түсірілген видеоны жариялады.

Таяу Шығысқа жеткізілген истребительдер саны нақты атап көрсетілмейді.

Еске сала кетейік, 23 шілдеде РФ истребителі Американың MQ-9 Reaper дронына сигналды ракета жіберіп, оның винтіне залал келтірген болатын. Инцидент АҚШ ұшқышсыз ұшағы Сирия әуе кеңістігінде «Ислам мемлекеті» тобырына қарсы операция жүргізіп жатқан кезде орын алды. АҚШ Қорғаныс министрлігі мұны Ресей пилоттарының жойдасыз және біліксіз тірлігі деп бағалады.

Бұдан алдын Иран коммерциялық кемелерге ұдайы шабуыл жасай бергесін АҚШ-тың Таяу Шығысқа эсминецтер мен авиация жібергені хабарланған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button