Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

РФ армиясының 7-ші дивизиясы Пригожиннің «маршын» қайталамақшы

МӘСКЕУ. 18 шілде. Ресей қарулы күштерінің 7-ші дивизиясы Пригожин содырларының Мәскеуге «саяхатын» қайталайтындарын айтып, Путинді қорқыта бастады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Ресей елдің жоғары әскери басшылығындағы «тазалаулар» салдарынан жаңа бүлікті бастап кетудің қарсаңында тұр, енді армия бас көтеріп жатыр», – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде әуе-десант әскерлерінің қолбасшысы, генерал-полковник Михаил Теплинскийдің қамауға алынғаны жөніндегі қауесетке байланысты РФ қарулы күштері 7-ші десант-штурм дивизиясының үндеуі пайда болды. Онда солдаттар егер өздерінің командирлерінің өміріне не бостандығына әлдеқандай бір қауіп-қатер төнетін болса, жаңа бүлік көтеріп, Пригожиннің «вагнершілері» жолдарын қайталайтындарын баяндады.

Иә, Евгений Пригожиннің «Дондағы Ростовтан Мәскеуге дейінгі саяхаты», дәлірегі, оған сол жолда қарсы тұра алатындай күштің болмауы, Кремльдің бейшаралығы мен азусыздығы әскердегі көп адамды оятып беріп, кері қайта қоймайтын бір үдерісті бастатып жіберді. Қазір сарапшылардың барлығы бір ауыздан жаңа бүліктің болуы ықтимал екенін айтып отыр. Жағдайға барлай қарағанда, оның орын ала кетуіне көп уақыт қалмаған да сияқты.

Кремль мұндай қауіптің барын айқын сезініп отыр. Сондықтан да қорғаныс министрлігі елдің әскери басшылығы құрамын «сенімсіз» шенділерден «тазартуды» бастап кетті. Бірақ мұның кері әсері де аз болып жатқан жоқ. РФ генералдары қазір бірінен кейін бірі шу көтеріп, тіпті Кремльдің өзіне айбат шегіп қойып жатыр.

Z-әскери тілшілер бұған дейін қорғаныс министрі Сергей Шойгудың әуе-десант әскерлері 106-шы дивизиясының командирі генерал-майор Владимир Селиверстовты орнынан алып тастағанын жазған болатын.

Жалпы, Пригожиннің бүлігінен кейін ресейлік 15 офицер қызметтерінен шеттетілді. Сол сияқты 13 адам тергеуге шақырылды. Қамалғандардың қатарында РФ-ның Украинадағы тобы қолбасшысының орынбасары Сергей Суровикин де бар. Сол сияқты Суровикиннің орынбасары генерал-полковник Андрей Юдин, қарулы күштер бас штабы бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Владимир Алексеев, генерал-полковник Михаил Мизинцев бүгінде қамауда отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button