25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас прокурор 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісін бақылауға алды

14 Шілде 2023 20:55
- Жаңалықтар, Құқық
Бас прокурор 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісін бақылауға алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 шілде. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісіне қатысты тергеп-тексеруді бас прокурор өз бақылауына алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Оқиға кеше, 13 шілде күні орын алды. Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтіру белгілері бар кішкентей қыздың мәйіті табылды.

Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотты болған аудан тұрғыны Г.-ны ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұл қанды оқиға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың назарына ілікті. Ол осыған байланысты Бас прокуратураға тиісті тапсырма берді. Қазір сол пәрмен бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Күдікті Г.-ның 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені анықталды.

2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында орын алған жанжалда ауылдасын балтамен ұрғаны үшін тағы сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындаған.

Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.

Сол сияқты пробациялық бақылауда болған Г.-ның аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріле отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қолға алынды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде.

Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы қазір бас прокурор Берік Асыловтың жеке бақылауында тұр.

«Азаттық радиосының» дерегінше, кеше ауыл тұрғындары болған оқиғаға байланысты наразылық шеруіне шығып, күдіктіні халықтың қолына беруді талап еткен. Ақпаратты полиция да растады, бірақ тұрғындар қазір тынышталған.

Таңбалар: зорлыққамауөлімСарыағаш

Ұқсас мақалалар

Шиелідегі арықтан бір қыз баланың өлі денесі табылды
Жаңалықтар

Шиелідегі арықтан бір қыз баланың өлі денесі табылды

06.06.2026
Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды
Жаңалықтар

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды

15.05.2026
Немцовтың қарақшылар қолынан қаза тапқанына 11 жыл болды
Жаңалықтар

Немцовтың қарақшылар қолынан қаза тапқанына 11 жыл болды

27.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist