Ресей БАҚ-тары: Ертең кетірілетін Шойгудың орнына кім қойылады?
МӘСКЕУ. 25 маусым. Ресей бұқаралық ақпарат құралдары ертең қорғаныс министрі Сергей Шойгудың орнынан алынатынын айтып, орнына кім келетінін атап жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Пригожиннің бүлігі нәтижесінде Шойгу мен Герасимовтың табандары астына от қашырудың орайы келді, енді ертең екеуі де отставкаға жіберіледі» деп жазып жатыр ресейлік ресурстар.
Осы ретте Евгений Пригожиннің бұл «бүлігіне» сын көзімен қарап, оның қолдан ұйымдастырылған қойылымға санайтын саясаттанушылар жиі кездесіп қалады. Мысалы, адекватты сарапшы Максим Шевченко «Вагнер» жетекшісінің бұл әрекеті әуел бастан көп күдік шақырғанын алға тартады. Ол, біріншіден, мұның «бүлік» екеніне келіспейді, себебі, қарулы жасақтың бас көтеруі бүлік емес, «көтеріліс» болып саналады. Екіншіден, Пригожинге Ростовқа басып алғаннан кейін Мәскеуге жеткенінше қарсы келген, онымен жер бетінде шайқасқан бірде-бір әскери құрылым болған жоқ. Демек, оның солай келуін ұлттық қауіпсіздік қызметі қамтамасыз етіп тұрған. Үшіншіден, өзін осыншалықты дәрежеге жеткізген Путинге Пригожиннің қарсы шыға қоюы екіталай. Оның 30 мыңдық жеке армия тізгінін ұстауында президенттің тікелей қатысы бар. Путин болмаса, оның әскерлері бір патрон да ала алмас еді. Ал бұлар өте жақсы қаруланған үлкен қол жасап алып отыр. Әскери компания оның бәрін ұлттық қауіпсіздік жүйесінің бір құрылымы ретінде алып келеді. Бірақ «Вагнер» тек Путиннің өзіне ғана бағынады. Төртіншіден, «Вагнердің» шын егесі ол емес, ол әскери оны бұл бүйтіп құрып шығара алмайды, оның шын құрылтайшысы жоғары лауазымды әскери басшы Уткин деген көрінеді.
Сонда мына «бұлғақ» не үшін керек болды? Саясаттанушы Максим Шевченконың байламынша, Путинге бұл Шойгуды қызметінен алу үшін ғана керек болған. Әйтпесе, төтенше жағдайлар министрлігін басқара жүріп, орасан зор байлық жинап алған Сергей Кужегетовичтің артында өте ықпалды олигархтар тұр. «Сондықтан Путин оны былайынша лауазымынан алып тастай алмас еді», – дейді сарапшы сосын.
Ресей пабликтері ендігі қорғаныс министрі болатын тұлғаның аты-жөні Алексей Дюмин екенін айтады. Ол – Путиннің бұрынғы күзетшісі, қазір Тула облысының губернаторы болып істейді.
«Күткендей, дүйсенбі күні Шойгу орынтағынан кетеді. Сондай-ақ бас штабтың бастығы Герасимов те орнынан босатылады, оның орнын Суровикин басады», – делінген The Moscow News хабарламасында.
Келіп түскен ақпарларға қарағанда, соның алдында Пригожинге барып, әскери бүлікке қатысты мәселелерді бейресми шешіп қайтқан осы Дюмин екен.
Бұған қоса, Мәскеуге еш кедергісіз жақындай түскен Пригожиннің армиясын тоқтатқан астыртын келіссөздер мен шарттар жөнінде жаңа деректер белгілі бола бастады. Ресейдің BRIEF telegram-каналы өз мәнбесіне сүйене отырып, соның қарсаңында Пригожиннің Путинмен телефон арқылы сөйлесуге әрекет жасағаны, алайда Кремль қожайнының онымен өз көмекшілері арқылы сөйлескенін жазады.
«Путиннің жақын маңайындағы әкімшілік басшысы Вайно мен қауіпсіздік хатшысы Патрушев секілділер бастаған тұлғалар президенттің атынан келіссөз жүргізіп, жанжалды бейбіт жолмен шешуге әрекет жасап баққан. Тап осылар Лукашенко мен Дюминлі келіссөзге тартқан. Ал ЖӘК атынан келіссөзді Пригожиннің ең жақын майдандасы, «Вагнердің» негізін қалаушы Уткин келіссөз жүргізген», – делінген хабарламада.
Суреттерде: 1.Сергей Шойгу; 2.Алексей Дюмин мен Владимир Путин