Әлемдегі үздік 50 ресторан тізімінде Перу мекемесі бірінші орын алды
ВАЛЕНСИЯ. 23 маусым. World’s 50 Best сыйлығының 2023 жылғы версиясы бойынша әлемдегі ең үздік 50 ресторан тізімінде Перу астанасы – Лима қаласында орналасқан Central қоғамдық тынығу орны бірінші орынға шықты. Бұл туралы gazeta.ru дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осыған орай жарияланған ақпарға сай, аталмыш ресторанның тағамдары Перу алуан түрлі табиғи ерекшеліктерін көрсетіп тұратын болып шықты. Мысалы, онда мұхиттың 15 метр тереңдігі мен Анд тауларының 4 200 метр биіктігінен әкелінген азық-түліктерден түрлі ауқат әзірленеді. Осылайша мұндағы дегустациялық ас мәзірі елдің 15 эко жүйесінен құралады.
Central ресторанын 2018 жылы Вирхилио Мартинес эәне Пиа Леон есімді отбасылық жұп құрайтын шеф-аспаздар ашқан. Ал кондитер өнімдеріне шеф-кондитер Марис Медина жауап береді.
Бұл тізімде Лимада жұмыс істеп жатқан Maido (6-орын), Kjolle (28-орын) және Kjolle (47-орын) ресторандары да бар. Айтқандай, бұлардың Kjolle деп аталатынын да Пиа Леон басқарады.
World’s 50 Best-тің тізімінде Барселонадағы Disfrutar – екінші, Мадридтегі Diverxo орынға лайық деп табылған. Ал Дубайдағы тынығу орындары осы жолы бірінші рет «елулік» құрамына кіріпті. Атап айтқанда, Trèsind Studio – он бірінші, ал Orfali Bros Bistro қырық алтыншы орынға орналасыпты.
Жүлдегерлерге жүлде тапсыру рәсімі Испанияның Валенсия қаласында болып өтті.
2022 жылы Копенгагендегі Geranium рестораны бірінші орын алған екен.