Қырымдағы көпірлердің жарылуы ресейліктерді қорқытып тастады
МӘСКЕУ. 22 маусым. Украиндардың Қырым түбегіне кірер белдеудегі көпірлерді немен жарғандарын түсінбей қалған ресейліктер қатты үрейге бой алдырып жатыр. Бұл туралы «24 канал» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қырым шекарасындағы Чонгар көпірлеріне берілген соққылар мен олардың бүліншілікке ұшыраулары ресейліктер үшін мүлдем күтпеген оқиға болды. Олар Украина Қарулы күштерінің оларға қайдан және қалай зарп бергендерін нақты біле алмай, дал болып отыр», – делінген хабарламада.
Украина Херсон облысы мен Қырым түбегінің шекарасындағы көпірлерге белгісіз оқ-дәрілермен соққылар жасап, ресейліктердің зәр-иманын ұшырды. Сөйтіп, РФ-ның оңтүстік майдан шебіндегі әскерлерін түбекке апаратын қысқа жол кілт үзілді. Таңертең алғашқы рәсімдер пайда болғасын, әскери пропагандистер мен РФ билігі Украинаның қандай қарумен зарп бергеніне өздерінше болжам жасай бастады. Ақыр соңында ресейліктер Украина Қарулы күштері Storm Shadow қанатты зымыранын пайдаланған деген шешімге келді.
Расында Чонгар көпірі арқылы өтетін жол Қырым мен Запорожье облысын жалғайтын ең жақын сүрлеу болатын.
Бүгін түс қайта РФ президенті Владимир Путин Қырымға апаратын көпірдің атқылануына байланысты шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.