Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қытайда әйдік ресторандардың бірінде күшті жарылыс орын алды

ИНЧУАНЬ. 22 маусым. Кеше түнде Қытайдың солтүстік-батысындағы Инчуань қаласында орналасқан ресторандардың бірінде күшті жарылыс болды. Бұл туралы The Guardian  ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға 21 маусым күні сағат 20.40 шамасында Нинся провинциясының орталығы – Инчуань қаласында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат сығылған газдың сыртқа тарауынан болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жергілікті өрт-құтқару қызметі апаттан кейін оқиға орнына жеке құрамнан 100-ден аса адам мен 20 техника бірлігін жөнелткен.

«Бүгін, 22 маусымда, сағат 04:00-де құтқару жұмыстары аяқталды», – делінген хабарламада.

«Синьхуа» агенттігінің хабарынша, инцидент салдарынан 38 адам зардап шеккен, олардың 31-і құтқарушылардың күш салуларына қарамастан, жантәсілім еткен. Қалған жетеуі қазір госпитальдарда жатыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button