Әйелімен ұрсысып қалғаннан кейін үш перзентін өлтіріп тастады
САМАРҚАНД. 18 маусым. Өзбекстанның Самарқанд уәләятында бір ер кісі Израильде жұмыс істеп жатқан әйелімен телефон арқылы ұрсысып қалғаннан кейін екі қызы мен бір ұлын өлтіріп тастады. Бұл туралы «Газета.uz» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Самарқандта тұратын 36 жастағы ер кісі кәмелетке толмаған үш түйір перзентін асхана пышағымен қасақана өлтірді, соңынан өзін ауыр жарақаттады», – делінген хабарламада.
«Бунга эркак Исроил давлатида ишлаб келаётган турмуш ўртоғи билан телефон орқали келиб чиққан ўзаро келишмовчилик сабаб бўлган», – деп атап көрсетілген қылмыстың себебі хабардың түпнұсқасында.
Қаныпезер кісі 10, 12 және 13 жастардағы балаларын өлтіріп болғанан кейін сол пышақпен өзінің сол жақ көкірегіне бір мәрте қатты зарп жасайды. Бірақ өлмей тірі қалған. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Аталған қылмыстық іс бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.