Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Түркияда үш қабатты тұрғын үй жұрттың көз алдында құлап түсті

АНКАРА. 16 маусым. Түркияның Эскишехир шаһарының Тепебаши ауданында үш қабатты тұрғын үй тамам жұрттың көз алдында кенет үгітіліп түсіп, қирап қалды. Бұл туралы «TRT Haber» телеарнасының ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео кадрларында ғимараттың жерге қарай сыпырыла құлап түскені анық көрінеді.

Үйге жақын жерде тұрған адамдар бұл маңайдан жүгіре қашып бара жатыр, ал төңіректі әп-сәтте қою шаңның бұлты басты да қалды.

Бір жақсы жері, апаттан кейін ешкім жапа шеге қоймаған. Өйткені, үй тұрғындары кеше шұғыл басқа жаққа көшіріліп әкетілген екен. Жергілікті билік үйде сызат пайда болғаны жөнінде дабыл көтерілген бойда трагедияның алдын алу шараларын жасауға кірісіп кетіпті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button