Ресейде Украинаға қарсы соғысты қолдаған депутатты малша бауыздады
МӘСКЕУ. 12 маусым. Ресейде Кремль армиясының Украинаны басып алуға бағытталған басқыншылық соғысына қолдау білдірген депутатты әлдекімдер бауыздап өлтірген. Бұл туралы Twitter желісінде жарияланған дерекке сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оқиғаның жай-жапсары жайлы жазбаны «Пан Пачковский» деген лақап аты бар желі пайдаланушы (@Q0MT6pFmbVqynsM) өз парақшасында қалдырған.
Ол «Ресейде Украинаға қарсы соғысты қолдаған депутатты малша бауыздап тастаған. «Единая Россия» партиясының мүшесі Александр Колодич қаржы мен бюджетке жауап беретін болған», – деп жазды.
Украинадағы соғысты сөз ету барысында туып кеткен жанжал барысында жерлестері депутатты өз үйінде пышақтап өлтіреді. Сосын оның денесін үйдің астындағы жертөлеге апарып көміп кетеді.
Блогердің мәліметінше, марқұмның мәйіті бүгін, Ресей күні аталып өтіп жатқан кезде табылған.