Екатерина Андреева арықтау үшін не істейтінін айтты
МӘСКЕУ. 22 ақпан. Ресейлік белгілі тележүргізуші Екатерина Андреева «7 дней» порталына берген сұхбатында артық салмақ алмай, қалпын сақтау үшін көптеген азық-түлік түрлерінен бас тартатынын айтып берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Журналист өз сөзінде қант, колбаса, сосиска, консерві, полуфабрикат, торт, конфет және пирожный жемейтінін мойындады. Сусындар арасынан сүттен, газды сулардан, кофеден, фрештен және алккогольді ішімдіктерден аулақ жүреді. Бұдан бөлек, оның мұндай өзіндік «қара тізіміне» кетчуп пен мойенез де кіріпті.
«Бір белгілі француз диетологы: «Ресейде өмір сүрумен сәйкес келмейтін бір зат бар, ол – майонез» депті», – дейді жүргізуші.
Андреева таза су, көк шай, сондай-ақ арпадан жасалған сусын мен цикорий ішетінін атап өтті, ал ауқатты жаңа көкөніс пен жеміс-жидектен, салаттан, жармақтан, бұршақтан, балықтан және бөдененің жұмыртқасынан жасағанды дұрыс көреді.
«Таңғы асқа – қарақұмық ботқасы, түскі асқа – көкөніс қосылып істелген тауық еті, кешкі асқа – винегрет», – деп атап шықты журналист.
Ол сонымен бірге кейде анасы дайындаған «Наполеон» тортын немесе пирожкилерді жеп көретінін де жасырмады. Оған тек тамақтың неден жасалғанын білу ғана маңызды.
Андреева тез формаға келудің жолын білетінін де жеткізді. Бұл үшін үш-төрт күннің көлемінде тамақ жеуді доғарып, оның орнына таза су мен су қосылған көкөніс сөлін ішіп тұру керек.
«Мұндай тәсіл артық салмақтан тез арылуға көмектеседі және организмдегі артық суды алып шығады», – деді тележурналист.