Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Петр Своик: «Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі»

АЛМАТЫ. 22 ақпан. Қазақстандық белгілі экономист, саясаттанушы Петр Своик шын мәнінде біздің елімізде мемлекеттік тілдің орыс тілі екенін айтты. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлады.

Петр Своик өзінің бұл тұжырымын ia-centr.ru сайтында жариялаған мақаласында атап өтті.

«Бүгінгі Қазақстан билігі түгелдей қазақтардан тұрады. Саясатты, заңды, атқарушы және орындаушы билікті, экономиканы, білімді, ғылымды, мәдениетті, ақпаратты, әлеуметтік саланы – түгел қазақтар билеп-төстеп отыр. Алайда, бұдан қазақ ұлтына қайран жоқ. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын ауыл қазағы, қаладағы қарапайым қазақ ұлттық байлыққа ортақтаса алмайды», – деп есептейді саясаттанушы.

Оның пікірінше, Қазақстандағы билік қазақ ұлтына емес, осы ұлттан «жасақталған» ат төбеліндей топқа тиесілі.

«Шындығында мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі. Қазақ билігі орыс тілімен қатар, қазақ тілін де қолдануға тырысады. Бірақ бұл әншейін көз алдау, ырымын жасаған болады. Қалада тұратын қазақтың көпшілігі – орыс тілді немесе екі тілді де жетік меңгерген. Бұған қоса, қалалық жерде аралас неке көп. Қазақ пен орыс қана отау құрып жатқан жоқ, қазақ пен корей, татар, өзбек, ұйғыр, еврей және басқаның қаны мидай араласып кеткен. Бүгінгі қазақ билігінің басында отырған әлгі ат төбеліндей топ қазақылығынан әлдеқашан айырылған», – дейді Петр Своик.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button