Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

«Бүкіл әлемде кітап оқуға деген ынта артып келеді» – Нұрлыбек Мыңжас (видео)

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 мамыр. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылрда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы болып саналады. Ол 1938 жылы облыс құрылған кезде ашылған. 1999 жылы кітапхана ақын-драматург Әбділда Тәжібаевтың аты берілді. Ал 2009 жылы осы мәдениет мекемесі бүгінгі жаңа ғимаратына орналасты.

Бүгінде кітапхананың кітап қоры 422 538 дананы құрайды. Ол жылына 32000-нан астам оқырманға қызмет көрсетеді.

Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстанда әрбір жылдың қазан айының 24-нде «Кітапханашы күнін» атап өтуді ұсынды. Құжат сол жылғы 18 ақпанға дейін кең ауқымды талқылаудан өтті. Нәтижесінде аталмыш мереке Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне енгізілді.

Жобаны қабылдаудың мақсаты кітапханашы мамандығының имиджін арттыру және оны кәсіби аренада ынталандыру болатын. Содан бері бұл мерейлі күн бір мәрте аталып өтті. Биыл республика кітапханалары аталмыш күні екінші жыл атап өтуге қызу дайындалуда.

Осыған орай біздің тілшіміз ірге қалағанына биыл 85 жыл мерзім толып отырған Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Нұрлыбек Мыңжасовпен кездесіп, сұхбаттасқан еді.

– Нұрлыбек Кәрібозұлы, сіздің ойыңызша, қазір елімізде, әлемде кітап оқуға деген ынта мен ықыластың деңгейі қандай? Алдағы кәсіби мерекелеріңізге қалай дайындалып жатырсыздар?

– Қазір [елімізде] кітап оқу ісіне Мемлекет басшысынан бастап ерекше көңіл бөлініп келе жатыр. Өйткені, бүгінде компьютерді игергендерді болашақта кітап оқығандар басқарады деген бір қағида бар. Әлемде кітап оқуға деген бетбұрыс оңалып келе жатыр. Біздің енді Әбділда Тәжібаев кітапханасы, жалпы кітапханашылар қауымы 24 қазанда болатын кәсіби мерекеміздің қарсаңында сол күнге үлкен бір дайындықпен барсақ дейміз. Нақты айтар болсақ, алдағы күзде білім басқармасымен келісіп, облыс әкімдігінің қолдауымен бірінші саныптан бастап мектеп оқушыларына, жас ерекшеліктеріне орай, кітап оқу үрдісін ұсынғымыз келеді. Бұл – үлкен жобамыз. Сонымен қатар, көрші елдермен, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдермен, олардың бас кітапханаларымен біріге отыра, Zoom арқылы үлкен онлайн конференция өткізгіміз келеді. Сондай жоспарларымыз бар. Келісім қазір жасалып жатыр. Мақсат – қазақстандық оқырмандардың интеллектуалдық мәртебесін көтеру. Кітап оқу мәдениетін арттыру.

Жансая НҰРҚОЖА

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button