Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Путиннің парадына Қазақстан Президенті де баратын болып қалды

АСТАНА. 8 мамыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Путин өткізгелі жатқан парадқа баратын болып шешім қабылдапты. Бұл туралы Ақорда ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде 9 мамырда өтетін парадқа қатысады», – деп баяндады Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

«Мемлекет басшысы 8-9 мамырда Ресейге жұмыс сапарын жасайды. Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, Ұлы Отан соғысындағы ең ірі шайқастардың бірінде қаза тапқан 100-ші және 101-ші атқыштар дивизиясының қазақ жауынгерлері рухына тағзым етеді», – деп жазады Желдібай дүйсенбі күні Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы ағайы Қасым Бөлтаев жерленген Трубино деревнясындағы туысқандар зиратына аялдайды.

Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан шақырылған 22 мың солдат пен офицер қатысқан.

Бұған дейін Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін парадқа посткеңестік елдерден Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың ғана баратыны айтылып келген.

Осыдан кейін Ресей президенті Владимир Путиннің өз әріптестерін Мәскеуде өтетін 9 мамыр парадына табанды түрде шақырып шыққаны белгілі болды. Бүгін оның Түрікменстан президенті Сердар Бердымухамедовке телефон арқылы шығып, аталмыш шараға шақырғаны жайлы ақпар тарап жатыр. Бірақ оған түрікмен тарапынан не деп жауап қайтарғаны белгісіз.

Asia-Plus агенттігінің жазуынша, Путин 5 мамырда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қоңырау шалып, Мәскеудегі парадқа келуін сұраған екен. Алайда оның РФ астанасына келер-келмесі айтылмаған. Шын мәнінде ол басында өздерінде сондай парад өтетінін сылтау етіп, ұынысты қабылдаудан бас тартқан көрінеді, бірақ артынан келетінін білдіріпті.

Армянның News.am ресурсы Армения премьер-премьері Никол Пашинянның 9 мамыр шарасына қатысу үшін бүгін Ресейге ұшып шығатынын хабарлады.

«Бұрынғы КСРО-ның бірнеше елінің басшылары бірден Мәскеудегі Владимир Путиннің парадына келеді. Олардың арасында минскілік билеуші Александр Лукашенко да бар», – деп атап өтті белорустың «Белсат» сайты.

Сурет ҚазТАГ-тан алынды

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button