Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Кремль мемлекеттік насихатқа ресейліктерді жеңіліске әзір етуді жүктеді

МӘСКЕУ. 2 мамыр. РФ мемлекеттік пропагандасы елдің халқын Украинамен соғыста жеңіліске ұшырауға психологиялық жағынан дайын етуі тиіс. Бұл туралы ресейлік оппозициялық сайттар ақпаратына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Кремль Украина Қарулы күштерінің кең ауқымды қарсы шабуылы қарсаңында «мемлекеттік пропагандистерге» жаңа нұсқаулықтар таратып берді. Ендігі тәсілдемелерге сәйкес, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Украина Қарулы күштері соғысқа әзір дайын емес екен-міс деген мазмұнда сөз таратып, ресейліктерлі әлденеден үміттендіріп қоюға тиіс емес», – деп жазады «Медуза» президент әкімшілігіндегі мәнбесіне сілтеме жасап.

Бұған керісінше, насихатшылардан қарсы шабуылдың болу ықтималдылығын азайтып көрсетпеу, сондай-ақ НАТО елдерінің Украинаға қару-жарақ беріп, жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанына акцент жасау талап етілді.

Мәнбенің жеткізуіне қарағанда, президент әкімшілігі тұрғындарды бұлайша дайындап алу оларға Ресейдің ықтимал жеңілісін оңай көтеріп кетуге мүмкіндік береді деп есептейді. Егер Украина өзінің территориясын соғыспен қайтарып алып жатса, ресейліктерге мұны жұртқа «майданға назар аударып» отырған «Батыстың орасан зор күш салуы» арқасында болып тұрғанымен түсіндіру керек.

Осыған байланысты пропагандистер Ресей армиясының, тұтастай алғанда, «алға қойған мақсатына жеткенін» атап өте отырып, жұмсалған шығындар мен қорытындын нәтиженің арасында орын алған айырмашылықты көрсетуге міндетті.

Егер украиндардың қарсы шабуылдары сәтсіз болып жатса, азаматтарға мұның «Ресей армиясының күші жағынан басым жаудың шабуылын қайтара білуі» арқасында мүмкін болғанын айтулары керек, сонда бұл жеңістің құны арта түседі, дегенді қосты сосын мәнбе.

Бірақ тәсілдемеде Ресей қирай жеңілген жағдайда сценарийдің одан әрі  қалай өрбитіні айтылмайды

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button