Зеленьский: «Украин армиясы Донбастан бұрын Қырымды азат етеді»
КИЕВ. 29 сәуір. Украина президенті Володимир Зеленьский украин армиясының Донбастан бұрын Қырымды азат етіп қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы украин пабликтері деректеріне жүгінген rast.kz хабарлайды.
«Украин армиясы Қырымды Донбастан бұрын азат ететін болады», – деді Зеленьский сенімді түрде.
Украина президенті бүгін Еуропа бұқаралық ақпарат құралдарына кең көлемді сұхбат берді, соның барысында ол Қырымның азат етілуі хақында сөз қозғап өтті.
Трансляция президент офисінің Facebook-тегі аккаунтында жариялады.
Зеленьскийге Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия журналистері сұрақ қойды. Әңгіме кезінде ол Қырымды еске түсіре кетті. «Біз Қырымды басқыншылардан анық босатамыз. Ол қазір болып жатқан оқиғаларға қарағанда, оңайырақ болады… Біз Қырымның әкімшілік шекарасына келген кезде, – қарап тұрыңыздар, – орыстар жаппай қашатын болады… Олар Донбасқа қарағанда, Қырымнан тезірек қашып шығады», – дед президент.
Зеленьский сондай-ақ түбек тұрғындарының 10 жылға жуық уақыт Кремль насихаты мен репрессиясына ұшырап келгендеріне қарамастан, оккупациядан құтылуды қолдайтындарына сенім білдірді.
«Қырымның адамдары, біз бірінші селоға келіп кірген бойда-ақ көшеге шығып, «билікті» Қырымнан қуып шығатын болады. Көріп тұрыңыздар. Дәл солай болады», – деді президент.