Ресейде мас тобыр бір әзербайжанды өлгенше жабылып тепкілеп кетті
ОРЫНБОР. 28 сәуір. Ресейдің Орынбор қаласында мас үш орыс екі әзербайжан жігітіне өздері келіп соқтығысып, оларды жабыла сабап кетті. Бұл туралы Readovka сайтына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Нәтижесінде екі әзербайжан жігітінің бірі маскүнемдер тобының құрбаны болып кетті, екіншісі ауыр жарақат алды.
Бұзақылар өздерімен өздері тұрған екі жігітке келіп: «Орыстардан қашып құтыла алмайсыңдар. Бұл – менің елім, на*уй» деп бас салған. Олар бірінші соққы алып, құлап қалған жігітті жабыла тепкілей берген. Осының салдарынан 4 жастағы қыздың әкесі оқиға орнында жантәсілім еткен. Ал қашып үлгерген екінші жігітті қуалап жүріп сабайды.
Мұның видеосы екі-үш күннен бері уацап арқылы тарап жатыр.
Ал Саратовта ішіп алған 11 әзербайжан жігіті қолдарына балта мен арматура алып, 3 жергілікті орысқа жабылған. Нәтижесінде орыстардың біреуі сол жерде қаза тауып, қалған екеуі бас жарақатын алған. Бірқатар деректерге қарағанда, жанжалға орыстардың көлікпен өтіп бара жатқан әзербайжандарға ескерту жасағандары себеп болған сияқты.
Артынша мигранттардың бәрі ұсталып, ішкі істер бөліміне жеткізіледі. Сол күні түнде екі адамның жоқ болып кеткендері анықталады. Олар әкелі-балалы кісілер көрінеді. Ақырында бір әзербайжан ғана оқшаулағышқа қамалып, қалған сегізі босатып жіберіледі.