Путиннің денсаулық жағдайы нашарлап кетті, дәрігерлер дабыл қағып жатыр
МӘСКЕУ. 20 сәуір. РФ тираны Владимир Путиннің денсаулық жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтып, дәрігерлер дабыл қақты. Бұл туралы «Генерал СВР» тelegram-каналының дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Кремльге шақырылған дәрігерлер «кідіруге болмайды» деп мәлімдеді.
Кеше кешке күштік құрылымдар басшыларымен өткізген жиынан кейін Владимир Путиннің жағдайы «жаман бола» бастады.
Телеграм-канал РФ Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы генералына сілтеме жасап, осы жайында баяндады.
«Кеше азанда Ресей президенті Владимир Путин соның алдындағы кешке қарағанда, өзін біршама жақсы сезінді. Дәрігерлер президентке тағайындалған жаңа препараттан бас тартты. Сейсенбі күні кешке пайда болған кесел сол дәрінің әсерінен болуы мүмкін. Путинннің онкологиясын емдеудің жаңа стратегиясы күдік шақырды», – деді мәнбе.
Ал Путинді емдеуші дәрігерлер шара қабылдауды кешеуілдетуге болмайды деп отыр.
Кешегі күні президент негізінен демалды. Ол тек видеомәслихат режимінде үкімет мүшелерімен кеңес өткізді. Мұны ол дәрігерлер тобының қарсылығына қарамастан өткізді.
Кешке қарай күштік және әскери блок басшылығы өкілдерімен жүргізген кеңесі кезінде Путин майдандағы жағдай жайлы баяндамаларды тыңдады.
Жиын біткеннен кейін диктаторлың жағдайы қайтадан нашарлай түсті. Дәрігерлердің кеңесімен ол ұйықтауға кеткен.
Президенттің жақын шеңбері қазір оның денсаулық жағдайына қатты алаңдап отыр.