Кәсіпкер күзет ұйымдарымен заңды келісім жасасатын болды
АСТАНА. 11 сәуір. Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бір кәсіпкерді күзет ұйымдарымен заңды келісім негізінде жұмыс жасасуға мәжбүр етті. Бұл туралы департамент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және «Атамекен» ҰКП-ға оған полиция қызметкерлері дүкенде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзет ұйымымен шарт жасасуға мәжбүрлеп, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы енгізілген ұсыныспен жүгінді», – делінген хабарламада.
Айта кету керек, заңнамада кәсіпкерлерді жеке күзет ұйымдарымен шарт жасасуға міндеттейтін императивті норма жоқ. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторы енгізген акт заңсыз болып табылады және кәсіпкердің құқығын бұзады.
Уәкілетті органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараттық хатын қарауы нәтижесінде кәсіпкер заңсыз ұсынуды орындаудан босатылды.