Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ростовтағы жарылысты Ресей партизандары жасаған болып шықты

МӘСКЕУ. 23 наурыз. РФ-ның Дондағы Ростов қаласында жақында орын алған ФСБ офисіндегі жарылысты Ресей партизан қозғалысы өз мойындарына алды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің «Қара көпір» деп аталатын партизан қозғалысы Дондағы Ростовтағы ФСБ шекара басқармасының ғимаратында болған жарылысты өздері жасағандарын жария етті. Олар өрттің ыдысқа құйылған жанар майға қосылған жарылғыш қондырғының жұмыс істеп кетуі нәтижесінде тұтанғанын айтты.

«Құдды біз бір өз кінәмізді мойындап, алдарына кешірім сұрап келіп тұрғандай, «жауапкершілікті өз мойындарына алды» деген дұрыс емес. Мұның орын алуына ФСБ кінәлі, жауапкершілікті де солар көтереді, ал партизандар сол кінәлілерден кек қайтарып, оңды іс жасайды», – деп мәлімдеді топ мүшелері.

От қоюдың бастамашысы Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) «екіжүзділіктің, зорлық-зомбылық пен қиянатшылықтың тірегі» екенін, оның қызметкерлері билікке қолайсыз адамдарға қарсы өтірік қылмыстарды ойлап тауып, бизнестерін тартып алатындарын, бейбіт тұрғындар арасында диверсиялар ұйымдастыратындарын атап өтті.

Ростов облысындағы ФСБ-ға қарасты шекара басқармасының кеңсесінде 16 наурыз күні жарылыс болған еді. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, бес адам жарақат алып қалды.

«Қара көпір» партизан қозғалысы – Ресей азаматтарының Украина әскерлеріне жәрдем беру үшін құрылған тобы. Олар РФ билігінің басқыншылық соғысына қарсы күресуде.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button