Еуропа ресейліктердің Қазақстаннан алған карталарын мойындамайды
МӘСКЕУ. 18 наурыз. Еуропа одағы мемлекеттері ресейліктердің Қазақстан мен Армениядан алған карталарын қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы шетел ресурстарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейден Еуропаға келген азаматтарға шетелдердің кредиттік карталарын пайдалану үлкен кедергіге ұрынды. Мәселен, Италия мен Германиядағы автомобильді жалға беретін бірқатар компаниялар ресейліктерден банк картасымен қоса, сол картаны алған елде заңды жүргенін айғақтайтын құжат тапсыруды талап ете бастады. Бұл орктерге өте қатты қиындықтар туғызып жатыр. Олар Visa және Mastercard карталары Ресейде жұмыстарын тоқтатқаннан кейін ондай карталарды көрші елдерде алуға көшкен. Енді бұлары заңсыз деп саналып жатыр.
Мәскеуден келген бір турист Vpost газетінің тілшісіне Қазақстанда тіркелген Visa картасымен Миланның әуежайында жалға көлік алмақ болғанында осындай кедергіге тап болғанын айтып берген.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.