25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кишиневтегі тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар әшкереленіп, қолға түсті

12 Наурыз 2023 21:52
- Жаңалықтар, Құқық
Кремль Молдовада мемлекеттік төңкеріс әзірлеуге мүдделі болып отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИШИНЕВ. 12 наурыз. Молдова астанасында жаппай тәртіпсіздік жасаудың айла-амалын жасаушылар тобы мүшелері анықталып, олар түгел қамауға алынды. Бұл туралы молдован ресурстары сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресейдің арнаулы қызметі Молдовадағы ахуалды тұрақсыздандыруды, соның ішінде бүгін «Шор» партиясының мүшелері мен оның жақтастары ұйымдастырған наразылық акциясын өткізуді жоспарластырған», – делінген Newsmaker хабарламасында.

Молдова Ұлттық полициясының басшысы Виорел Чернеуцяну 12 наурыз күні журналистер алдында осы жайында айтып берді.

Оның сөзіне сілтеме жасаған «Европейская правда» сайты бұған дайындықтың жыл басынан бері жүргізілгенін баяндады. Чернеуцяну құқық қорғау органдарына 9 наурыз күні Кишиневке келген Ресей азаматын қолға түсірудің орайы келгенін айтты. Бас полицейдің сөзіне қарағанда, оның мақсаты Молдовадағы ахуалды тұрақсыздандыруға ынталы адамдары соған оқытып үйрету болған.

«Біздің агентіміз сол топқа бүркеншік атпен кріп, Ресейден келген адаммен байланыс жасасқан. Ресейдің екінші адамы – Андрей Молдоваға бүлікшіл кісілерді тәртіпсіздік жасауға үйрету үшін келген. Ол Молдовада бұрын да бірнеше рет болып кеткен, бірақ ізін аңду мүмкін болмауы үшін фамилиясы мен құжаттарын бірнеше рет өзгерткен», – деді Чернеуцяну.

Полиция басшысы сондай-ақ болашақ тәртіпсіздіктердің дем берушілері әрбірінде 10 адам бар 10 топ құрып алғанын, оларды акцияларға өздері дайындағанын әңгімеледі. Бұлардың бәрінің әрекет-қимылдары Ресейден үйлестіріліп тұрған.

Арбауға түсіп қалған молдовалық тұрғындардың әрбіріне тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқандары үшін $10 мыңнан ақша беруге және Молдовадағы саяси күштер тарапынан қолдау көрсетуге уәде етілген.

Полиция кеше сол азғындардың жетеуін қолға түсірді.

Еске сала кетейік, Құрама Штаттар ресейлік барлау қызметімен байланыстары бар бұл тұлғалар Молдова үкіметін орнынан тайдырып, онда Ресейге бүйрегі бұратындарды әкеп қою мақсатында қарсылық қозғалыстарын ұйымдастырмақшы болған деп есептейді.

Таңбалар: МолдоваРесей агенттерітәртіпсіздік

Ұқсас мақалалар

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады
Жаңалықтар

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады

26.06.2026
Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады
Дәулет

Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады

13.06.2026
Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді

22.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist