18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Грузия билігі иноагенттер жөніндегі заң жобасын қайтарып алды

9 Наурыз 2023 18:47
- Жаңалықтар, Жаһан
Грузия билігі иноагенттер жөніндегі заң жобасын қайтарып алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТБИЛИСИ. 9 наурыз. Екі күнге созылған халық наразылығы толқыны әсерінен Грузияның билеуші партиясы – «Грузин арманы – Демократиялық Грузия» жанжалды заң жобасын кері қайтарды. Бұл туралы грузин ресурстарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Партия заң жобасын парламенттен қайтып алуға шешім қабылдады.

«Спутник-Грузия» интернет-басылымының хабарлауынша, осыған байланысты жазылған мәлімдемеде қабылданған заңның қоғамда қарама-қайшы пікірлер туғызғаны, себебі, «жалғандық машинасының» заң жобасын қара түске боялған жағымсыз етіп көрсетіп, қоғамның белгілі бір бөлігін адастырғаны айтылады.

«Заң жобасына «орыс заңы» деген жалған жапсырма жапсырылды, ал оның бірінші оқылымда қабылдануы елдің еуропалық бағыттан тайып кеткені ретінде түсіндірілді… Қоғамның әрбір мүшесі үшін жауапты билеуші күш ретінде біз қабылданған заңды ешбір артық сөзсіз, ешкімнің үгіттеуінсіз кері қайтарып алдық», – делінген мәлімдемеде.

Онда сондай-ақ радикалды күштердің жас жігіттер мен қыздарды заңға қайшы келетін әрекеттер жасауға итермелеуге қолдары жеткені атап өтілген. Осы ретте билеуші партия шерушілердің зорлық-зомбылық әрекеттеріне лайықты жауап қайтара білген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс айтады.

«Бәрінен бұрын біз Грузияның еуропалық интеграцияға бағыт ұстаған жолы секілді, еліміздегі бейбіт тірлікті, тыныштық пен экономикалық дамуды сақтап қалуымыз керек», – делінген хабаламада.

Грузия астанасын екі күн бойына қарсылық акциясы теңселтіп тұрды, оған қатысушылар парламентте бірінші оқылымда қабылданып кеткен «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңға қарсы шықты. Күні бойы бейбіт ағыммен өтіп жатқан шерудің соңы түнге қарай бұзақылық әрекеттерге ұласты – демонстранттар парламентке кіретін жолды жауып тастады, автомобильдерді өртеді, заң шығарушы орган ғимараты мен дүкендер терезелерін шақты, құқық қорғаушыларға «Молотов коктейлі» мен басқа да заттарды лақтырды. Тәртіп сақшылары бұларға жауап ретінде көзден жас ағызатын газ бен су атқылағышты қолданды», – деп жазды «Новости-Грузия» агенттігі.

Екі күнгі қақтығыстың барысында 133 адам әкімшілік тәртіп бойынша ұсталды, бірнеше ондаған полицей жарақат алды.

Грузия парламентінде РФ-ның үлгісімен «иноагенттер» туралы заңның қабылдануына грузин оппозициялық күштері, елдің президенті Саломе Зурабишвили, АҚШ мемлекеттік департаменті, Еуроодақтың сыртқы саясат қызметі, Еуропа кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары және БҰҰ-ның Грузиядағы өкілдігі үзілді-кесілді қарсы шықты.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: грузиязаң жобасықақтығысТбилиси

Ұқсас мақалалар

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды
Дәулет

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

17.10.2026
Тбилисиде ресейлік турист әйелдер мен жергілікті шерушілер қақтығысып қала жаздады
Әлеумет

Тбилисиде ресейлік турист әйелдер мен жергілікті шерушілер қақтығысып қала жаздады

13.07.2026
Тбилисиде наразылық қозғалысына қатысушыларды ұстау басталды
Жаңалықтар

Тбилисиде наразылық қозғалысына қатысушыларды ұстау басталды

05.10.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist